Елімізде жоғары сынып оқушылары төрт пәнді ағылшын тілінде оқитын болады. Бұл туралы үкімет отырысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, білім мен ғылымды дамыту мақсатында 10-11 сынып оқушылары енді төрт пәнді ағылшын тілінде оқиды. Бүгінде 12 мың мұғалімге ағылшын тілі курстары ұйымдастырылды. Осыған орай арнайы оқулықтар да дайындалған.

Айталық, ағылшынша оқытылатын 4 пән: физика, химия, биология және информатика. Бұл бастама 2017-2018 оқу жылынан бастап 153 мектепте бастау алған.

Сондай-ақ, Е.Сағадиев 2020 жылы латын әліпбиінде жазылған даярлық сыныптардың оулықтары шығатындығын айтты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page