Көш қарасы теріскейге бет түзейді

0
187

Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында – еңбек нарығын жаңғыртуда басы артық жұмыс күші бар өңірлерден жеткіліксіз жерлерге қоныстандыруға қатысты жаңа міндеттеме қойды. Сонымен бірге ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керектігі жөнінде тапсырма берген болатын. Елбасы қойған міндеттерді бірлесіп жүзеге асыру мақсатында  Алматы облысында   «Өңіраралық бос жұмыс орындар жәрменкесін» жыл сайын  ұйымдастыру жақсы үрдіске айналған.

Сөзіміздің айғағы ретінде айтар болсақ, жуырда Талдықорған қаласындағы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің    акт залында  Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облысының жұмыспен  қамту  орталығы мамандары мен  жұмыс берушілерінің  қатысуымен өңіраралық бос  жұмыс  орындар  жәрмеңкесі өткізілді. Жиналған облыс жұртшылығы  қай саладан жұмыс табатындықтары мен жалақы мөлшері, жасалатын жеңілдіктер турасында сұрастырып білді.

Жұмыс беруші тараптар, негізінен,  ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық салаларына мамандар тапшы екендігін айтып, қойылған сауалдарға жауап  берді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here