Мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі

253
фото Сымбат Исрапулова

Мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне қандай адамдар лайық? Оған қабылдау тәртібі қалай?  Аталған салада қызмет істегісі келген әр бір азамат қалай дайындалып, қандай іріктеуден өтуі тиіс? Бұл туралы Алматы облысындағы  өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз  мәслихатында  атап айтылды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ләззат Мұқатайқызының айтуынша, мемлекеттік қызмет істегісі келген азамат арнайы тестілеу мен бағалаудан өтеді. Алдымен  іріктеу жүргізіліп, үміткер теориялық білімін айқындау мақсатында заңнаманы білуге арналған тестілеуге қатысады. Осыдан соң әр адамның жеке қасиеттері бағаланады.Онда азаматтың адамдармен жұмыс жасай білуі, ұйымдастырушылық қабілеті, әдептілігі, сыбайлас жемқорлыққа төзімділігі анықталады. Сонымен бірге, үміткермен әңгімелесу арқылы оның түрлі сұрақтарға жауап қайтаруы, ойы мен көзқарасын жеткізе білуіне баса назар аударылып, тиісті тапсырманы шешу ұсынылады.

  Ал, құқық қорғау қызметіне алғаш қабылданатын азаматтар қазір өз үйде отырып-ақ, электронды үкімет порталы арқылы тіркеле алады. Немесе халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өзіне ыңғайлы уақытты таңдауға мүмкіндігі бар. Құқық қорғау саласына қызметке қабылданатын азаматтарға қойылатын басты талаптардың бірі – күнделікті спортпен жаттығатын болуы шарт. Соның ішінде жекпе-жек күресімен  нысана атудағы шеберлігі басты назарға алынады. Мәселен, осыған дейін аймақтағы құқық қорғау мекемелеріндегі бос орындарға жарияланған конкурсқа 298 адам қатысып, оның 79 сыннан сүрінбей өтіп жұмысқа тұрған. Мұндай қызметке қабылдау тәртіп бойынша бұдан былайда жалғаса беретін болады деді облыстық ІІД кадр қызметі басқармасының басшысы Жандос Тоқтасынұлы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page