Ұлттық құндылықты сақтау- аманат

186

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауын Еркін ауылының тұрғындары, ардагерлер бірге  тыңдадық. Экономикамызға көңіл бөліп,  шикізатты өңдейтін кәсіпорындарды құру, кәсіпкерлерге қолдау жасау, екі үлкен министрліктің құрылуы алдағы істерге маңыз берері сөзсіз. Су қорын үнемдеп пайдалану ауылшаруашылығында үлкен рөл атқарады.

 Айтар болсам, соңғы жылдардағы Президент Жолдауының 1-қыркүйек Білім күнінде жолдануының да терең мәні бар деп білемін. Себебі, дәл осы күні балалар  мектепке, студенттер оқу орындарына барады. Қоғамдағы адалдық қасыңдағы жолдас, құрбы-құрдастан , аулада тұрып  бірге тұрып жатқан дос-жарандардан басталады. Балалардың бойына адалдық, достық, татулық қасиеттерді біз өзіміз  қалыптастырғанымыз жөн.  Бұл мақсатта біздің ардагерлер ұйымы жас ұрпақ тәрбиесіне және де көптеген істерге мұрындық болып келеміз.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өзекті  қағидаларды  ұсынды.  Оны қазақстандықтардың еліміздің гүлденуі жолында адал іс-әрекетімен азаматтық борышын өтей білуі деп түсіндірді. Халқымызда:  «Адалдық – ардың ісі» деген даналық сөз бар.  Халқымыз табиғаттан адам бойына даритын сол адалдық қағидасын ұстану арқылы ғасырлар бойы өзінің ұлттық құндылықтарын сақтап,  кейінгі ұрпаққа аманат етіп келеді.

Қазіргі біздің еліміздің алдында тұрған басты мақсат – әділетті мемлекет,  таза қоғам құру.  Қоғам таза болу үшін сол қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың санасы таза болуы тиіс.

                                                                                                 Тортай Ізбасқанов,

Еркін ауылы ақсақалдар алқасының төрағасы

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз