Талдықорған туралы сұрақ-жауап

0
791
"Жетісу" стэлласы

— Талдықорған қаласы қай жерде орналасқан?

— Қазақстанның оңтүстік-шығысында, облыстың орталақ тұсында, Жетісу Алатауының батысында, Қаратал өзенінің жағасында орналасқан.

***

— Қаланың аумағы қандай?

— 82333 га (74 шаршы шақырым).

***

— Талдықорған қаласы тұрғындарының саны қанша?

— 2018 жылдың 1-қаңтарындағы мәлімет бойынша қалада 172 мыңнан аса халық тұрады.

***

— Талдықорған атауының мағынасы қандай?

— Талмен қоршалған қамал, бекініс.

бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры

***

— Қай жылы Талдықорған Алматы облысының орталығы болды?

— 2001 жылы Талдықорған Алматы облысының орталығы болып жарияланды.

***

— Талдықорған қалалық әкімдігіне қарасты елді мекендер?

— Еркін, Еңбек, Өтенай, Мойнақ, Пригородное, Ыңтымақ ауылдары.

***

— Талдықорған қаласының тарихы қай ғасырдан бастау алады?

— Ғылыми зерттеулерге сәйкес, қала тарихы IX ғасырдан бастау алады.

***

— Талдықорған қаласының алғашқы атауы?

— Талды шаһары деп аталған.

***

— Талдықорғанға қай жылы қала атағы берілді?

— 1944 жылы берілді.

***

— Талдықорған қаласындағы Жетісу монументі қай мерекеге арнайы жасалған?

— Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып жасалған.

М.Жұмабаев атындағы № 19 орта мектеп

***

— Талдықорған қаласында неше мектеп бар?

— Жалпы саны 27. Оның 6-сы гимназия, 3-еуі лицей.

***

— Талдықорған қаласында ашылған ең алғашқы мектеп?

— Абай Құнанбайұлы  атындағы №1орта мектеп.

***

 

— Талдықорған қаласында орналасқан Д.Рақышев атындағы №3 қазақ мектеп интернаты қай жылы ашылды?

— 1959 жылы 5-тамызда ашылды.

***

— Талдықорған қаласындағы көркем сурет мектебінің негізі қай жылы қаланды?

— 1979 жылы.

***

— І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қай жылы ашылды?

— 1972ж. 25-қазанда Қазақстан Министрлер Кеңесінің қаулысымен Талдықорған педагогикалық институты болып ашылған.

***

— ЖМУ университетіне Ілияс Жансүгіровтың аты қай жылы берілді?

— 1977 жылы.

***

— Талдықорған аумағындағы автокөлік жолының ұзындығы қанша?

— 352 шақырымнан асады.

***

— Талдықорған қаласындағы темір жол стансасы қай жылы салынды?

— 1949 жылы салынды.

***

— Талдықорған қаласындағы денсаулық сақтау нысандарының саны қанша?

— Жалпы саны 19. Оның ішінде көп салалы аурухана, перзентхана, облыстық аурухана, №1 және № 2 қалалық емханалары, Қайнар, Шипагер, Жансая, Нур-Авиценум, Онкологиялық аурухана, Тубдиспансер, Ақ жаулық, Мәртебе, Кордиология, Орталық тіс емханасы, Балалар тіс емханасы, Наркологиялық емхана, ХАК және т.б.

***

— Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана қай жылы ашылды?

— 1920 жылы ашылған.

***

— І.Жансүгіров атындағы мәдениет үйі қай жылы жұмыс істей бастады?

— 1962 жылдан бастап.

***

Талдықорған қаласындағы әуежай қай жылы салынған?

— 1946 жылы.

***

— Талдықорған аэропорты қандай типті ұшақтарды қабылдай алады?

— «ИЛ-72», «ТУ154», «ТУ-134», «ЯК-42», «АН-12», «Боинг-767».

***

— Талдықорғаннан Астанаға ұшақпен жету үшін қанша уақыт кетеді?

— Шамамен 1 сағат 40 минут.

***

— Астана қаласына ұшақтың билет құны қанша?

— 19 000 теңге.

***

— Қаладағы қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қанша теңгені құрайды?

— 80 теңге, оқушылар мен стундеттер үшін тегін.

***

— Талдықорған қаласында қанша демалыс саябақтары бар?

— Шамамен 25.

***

— Қаладағы ең үлкен саналатын «Жастар» саябағы қашан ашылды?

— 2016 жылдың жазында.

***

— «Жастар» саябағында қай ақынның ескерткіші қойылған?

— Мұқағали Мақатаевтың бюсті қойылған.

***

— Н.Назарбаевтың мүсіні Талдықорған қаласының қай жерінде орналасқан?

— Орталық алаңдағы «Тұңғыш Президент» скверінде.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here