Жастар бастамалары қолдау табуда

243

Биыл  халықаралық Жастар  күні 12 тамызда аталып өтпекші. Осы мерекені атап өту,  Жетісу жерінде  7 тамыздан бастау алды.  Бұл шаралар турасында «Jetisy jastary» КММ директорының орынбасары  Жансая Смағұлова журналистермен өткен брифинг барысында.

2021 жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастармен кездесуде «Тәуелсіздік ұрпақтары – тәуелсіз елдің басты символы» деп жастарға үлкен сенім артты. Сол жылдан бастап, Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жүзеге асырылған. Биыл Жетісу облысында алғаш рет жастар бастамаларын қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына байқау жарияланған болатын. Мәдениет, ғылым, бизнес, медиа және ІТ салалары бойынша 100-ге жуық жобалары қабылданды. Соның ішінде 10 жоба қолдау тапты. Жастар күніне орайластырылып  аталған грант иегерлерін марапаттау рәсімі өтеді. Аталған жобалар 2023 жылы жүзеге асырылатын болады.

9 тамыз күні ауқымды «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өтеді. «Жастар» саябағында өткізілетін шарада 30-ға жуық мекеме, 100-ге жуық жұмыс орындарын ұсынады. Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру, мемлекеттік қызметке кірісу бойынша бағыт-бағдарлар берілетін болады.

Сондай-ақ, облыс бойынша бірқатар қайырымдылық акциялары жүзеге асырылып, жастар республикалық «12 игі іс» челленджіне де қатысады.

12 тамыз күні – «Dream City Taldyqorgan»жастар фестивалі өтеді. Спорттық жарыстар, түрлі-түсті бояулар фестивалі, су атысу сынды бірқатар ойын-сауық бағдарламасы арнайы мерекелік концертпен жалғасын табады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз