50 отбасы баспаналы болды

254

Астана күні мерекесі қарсаңында бірқатар талдықорғандық баспаналы болды. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев пен Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл әрбір қуаныш иесіне пәтер кілтін салтанатты түрде табыс етті. Айтулы шарада сөз алған өңір басшысы қоныс иелерін құттықтап, облыста халықты тұрғын үймен қамту ісі жылдан жылға қарқындап келе жатқанын атап өтті.

«Бұның барлығы – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған салиқалы мемлекеттік саясаттың жемісі. Соның айқын көрінісі ретінде бүгін Астана күні қарсаңында жетісулықтар баспанаға қол жеткізіп, қуанышқа кенеліп отыр. Жаңа қоныс иелерін шын жүректен құттықтаймын! Осындай жақсылықтарымыз көбейе берсін. Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін! Жаңа шаңырақтарыңыз молшылық пен берекеге толып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деді Б.Өксікбайұлы. Пәтер кілттері жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға, атап айтқанда, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше қамқордағы балалар, толық емес отбасы, көпбалалы аналар, Ұлы Отан соғысы ардагерлер санатына теңестірілген ардагерлерге берілді.

Бибізайнап Балуанбаева

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз