Шынайы ақпарат – өркениетті елдің даму кепілі

308

Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев аймақтағы  БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Киелі Жетісудың шұрайлы табиғаты аясында өткен басқосуда сөз алған шаһар басшысының орынбасары Бауыржан Абибеков Әсет Дүйсебекұлының ізгі тілегін жеткізіп, арнайы дастарқан жайып сый-құрмет көрсетті.

Сондай-ақ, Бауыржан Бақытұлы: – «Қашанда халықтың көзі, құлағы һәм тіліне айналған бұқаралық ақпарат құралдарының орны ерекше. Себебі, шынайы ақпарат – өркениетті елдің даму кепілі. Ал, қаламы мен қарымын қару етіп, кез келген оқиға орынында күнді түнге жалғап тер төгіп жүрген жалпы  журналистер қауымының мақсаты мен міндеті бір. Ол – ашық ақпарат тарату және қоғамның өзекті мәселелерді қозғау. Халық журналистерді қай кезде де құбылыстардың сарапшысы, қарапайым адамның мұң-мұқтажының жоқтаушысы ретінде бағалайды. Осынау мәртебелі міндетті абыроймен атқарып, егемен еліміздің мерейін асқақтатып, халыққа насихаттап, түсіндірудегі сіңірген еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіре отырып, қаламдарыңыз қарымды, хабарларыңыз жағымды бола берсін деп тілейміз!», – деді.

Басқосу барысында бірқатар журналистерге қала әкімінің арнайы Алғыс хаттары табыс етілді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз