Ми спортын жетілдіру орталығы

34
жұмыспен қамту орталығы
Фото Данияр Сағындықов

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша  кәсіпкерлікпен айналысып жатқандар қатары молая түсуде.

Гүлмира Еркінқызы, Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты  жұмыспен қамту орталығының басшысы:
-«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының негізгі мақсаты — өздігінен жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды және басқа да біліктілігі жоқ азаматтарды үш бағыт бойынша  нәтижелі жұмыспен қамту болып табылады.

Қажетті мамандықтар және кәсіпкерлік негізі бойынша жаппай оқыту және дағдыландыру бағыты бойынша 55 жұмыссыз әйел  Талдықорған сервис технология, «Сенім» колледждерінде аспаз, шаштараз, тырнақ жасау, визажист, ЭВМ операторы, бала күтуші, кондитер мамандықтары бойынша оқып, мамандық алды. Оқуды аяқтаған 44-і тұрақты жұмысқа орналасты.
Ал, жаппай кәсіпкерлік үшін жағдай жасау бағытында да 2018 жылы 113 азамат 1186,5 млн. теңге несие алды. Үш адам ауыл щаруашылығы техникаларын сатып алса, 27 азамат 121,8 млн.теңгеге мүйізді  ірі қара, жылқы сатып алып, өсіруде. Сондай-ақ 68-і құрылысқа қажетті жабдық алып, дүкен ашып, жүк  көлігін сатып алып, халыққа қызмет жасауда. Несие алушылардың қатарында  әйелдердің  кәсіпкерлікті дамытуға ден қоюы қуантады.  Өткен жылы 21 нәзік жан несие алып, 19-ы жеке ісін  ашу үшін  кәсіпкерлік негізінде оқыды. «Бизнес бастау» жобасымен  сегіз әйел оқып, сертификат алды. 100 АЕК көлемінде өз істерін ашуға қайтарымсыз несие, грант ұтып алды. Үшінші бағыт бойынша да әлеуметтік жұмыс орындарына 12 әйел тұрақты жұмыспен қамтылды.Қоғамдық жұмысқа келісімшартпен барған 50 адамның 14-і сол мекемеге жұмысқа тұрды.

Электронды еңбек биржасы арқылы бос жұмыс орындарына 84  адам жіберілді. Біздің орталықтың басты мақсаты- халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың әл-ауқатын көтеруге жәрдемдесу.

Осылайша, әйел азаматшалардың қоғамдағы  белсенділігі анық байқалып тұр. Сондықтан да, кәсібін нәсібім деген  қыз-келіншектерді іздеп табуға тырыстық.
Қолға алған кәсібін одан әрі дамытып, бастаған істің аяқсыз қалмауын қадағалап, әр ісіне  тыңғылықты қарап, кәсібін нәсіп етіп отырған жандардың  бірі  -Толқын Абуғалиева. Алыстан көз тартып, менмұндалап тұрған ғимарат   «Мүшелтой» мөлтек ауданында орналасқан. Қазіргі заман талабына сай, сыртқы келбетіне сүйсіне отырып, ішіне кірсең, құстың ұясындай  ғимарат екен.  Толқын   Сарқытбекқызының басшылығымен ашылған  орталық балалардың  зейіні мен қабілетін, шығармашылығын, жалпы ақпаратпен жұмыс жасай білуге баулиды. Жетісу мемлекеттік университетін ойдағыдай тәмамдаған Толқын оқудан соң Алматыдағы колледждердің бірінде мұғалім ретінде  информатика пәнінен сабақ береді. Қаныш Сәтбаев атындағы  Политехникалық университетінен магистратураны бітірген  алғашқы  түлектердің бірі.  Әлемдік  білім бір орында  тұрған емес. Сондықтан да балалар қабілетін дамытатын, өзгеше оқыту орталығын ашсам деген ой-арманы оны алға жетелейді.

 

Суретті түсірген Д.Сағындықов

Оқытудың  жаңа әдістемелері енгізіліп жатыр, неге оны оқушы балаларға үйретпеске деген оймен 2015 жылы  Талдықорған қаласы орталығынан ойша санау мектебін   ашады. Ол жерге барған балалар қиын да шешуі жоқ сандардың қыр-сырына үйренді. «ЮСИМАС» ментальды арифметика оқыту орталығымен қатар ашылады.

 70 баламен ашылған орталық жұмыс жасап жатыр, алайда оны кеңейту керектігін  ұғады. Содан «Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемелекеттік мекемесіне    барып,  кеңес алуды жөн көрді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту мекемесінде арнайы бизнес жоба жасау, оны қорғау  негіздерін оқыды. Жеке кәсіпкерлікті бастауда бастапқы қаражат өте маңызды.  Толқын Абуғалиева   бастаған ісін дамыту үшін   2018 жылы   екінші деңгейлі банк «Сбербанк» арқылы 18,0 млн теңге несие алып,  бала қабілетін дамыту орталығын ашты.   Кәсіпкер  бастауыш сынып, ағылшын тілін, ментальная арифметика оқыту саласында қызмет атқарады және 9-10 адаммен жұмыс орнын құрып, бүгінде жұмыстарын жалғастыруда.

«Жеке кәсіппен айналысуыма өмірдің ағымы алып келді. Кәсібіме шығармашылық жұмыс ретінде қараймын. «Train Your Brain»  халықаралық  ойша санау мектебін ашпай  тұрып, қаладағы таныстарыма  түсіндіріп, балаларға арналған  есепті ойша шығару әдістемесі бар деп орталыққа шақырдым.  Қала орталығындағы мектепте 70 бала оқып жатыр. Әр мамандықтың өзіндік қиындығы, қызығы болады.   2018 жылы «Sapsan»  зияткерлік орталығын құрып, отандық әдістемені енгізіп, осы бағдарламамен  8-12 жастағы  70-тей бала оқытылуда. Оларға тапсырмаларды жылдам орындауға, зейінді жинақтап, ойды дамыту бағытындағы бағдарлама ұсынылып отыр. Балалардың кітап оқуға деген  қызығушылығын  оятамыз. Ментальды  арифметиканы меңгерген балалар бүгінде  Назарбаев зияткерлік мектебінде, қазақ-түрік лицейінде, №20,24 мектеп-лицейінде оқып білім алуда. Республикалық дамыту орталықтары арасында өткен жарыстарға талдықорғандқ өрендер ең көп қатысатындығын мақтанышпен айтамын»,-дейді кәсіпкер Толқын Сарқытбекқызы.

Кәсібіне шығармашылық жұмыс ретінде қарайтын көпбалалы ананың ісіне еріксіз сүйсіндік. Мемлекеттік қолдау көмектің нәтижесіне куә болдық.

                                                                                                                      

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page