«Баспана» ипотекалық ұйымы «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылардың портретін жасады, — деп хабарлайды Алаш айнасы сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Компанияның басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков бағдарлама бойынша берілетін кредиттің орташа сомасы 11,7 миллион теңге екенін, ол 20 жылға қарызға берілетін атап өтті. Ал қарыз алушылардың орташа жасы – 30-35.

«Қарыз алушылардың ең көп бөлігі кредитке ай сайын 60-80 мың теңге төлейді. Бұл қарыз алушылардың жалпы санының 22%. Сондай-ақ олардың 21% 80-100 мың теңгеден төлейді. Жалпы 60% қарыз алушының ай сайынғы төлемі 100 мың теңгеден аспайды», — деді ол сенаттағы отырыс кезінде.

Оның айтуынша, өтініш берушілердің табысына қойылатын талапты банктің өзі бекітеді.

«Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламаға екінші деңгейлі 8 банк қатысып жатыр. Олар еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейді», — деді Қайрат Алтынбеков.

Төрағаның пікірінше, елімізде жаңадан салынып жатқан үйлердің аздығы – «7-20-25» бағдарламасының дамуын тежеп отырған негізгі фактор.

Қайрат Алтынбековтың айтуынша, биыл 16 мың пәтер салу керек.

«Өңірлердегі халық пәтер сатып алуға қызығушылық танытып отыр. Аталған мәселені шешу үшін әкімдіктер «7-20-25″ бағдарламасы бойынша берілетін үйлердің санына ұсынысты арттырды», — деді ол.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page