Футболдан мадридтік «Реалдың» бас бапкері Сантьяго Солари қызметінен кетті. Оның орнына атақты футболшы Зинедин Зидан қайтып келді, — деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Бұл туралы мадридтік «Реалдың» ресми сайты жариялаған. Аты әлемге әйгілі француз бапкері корольдік клубпен 2022 жылдың 30 маусымына дейін келісім-шартқа отырды.

Айта кетейік, Зинедин Зидан «Реалмен» 2,5 жылда үш рет қатарынан чемпиондар лигасын жеңіп алған алғашқы бапкер болып табылады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page