Бар тіршілік аяулы аналардың алақанында

30
Дереккөз

Ана – өмірдің мәні, тіршіліктің қайнар көзі, махаббат пен мейірімнің кәусар бұлағы.  Әр отбасының береке-бірлігін сақтап, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ұрпаққа тағылымға толы тәрбие берушілер де — асыл аналар.

Жер бетінде ананы ардақтамайтын жан жоқ. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен ананың орнын ешкім де баса алмайды. Бар тіршілік аяулы аналардың алақанында екені де сөзсіз. Бұл қасиетті де қадірлі ұғымның дәрежесі қашанда биік болмақ. Осы орайда, барша адамзаттың асыл иелері — нәзік жандылар қауымын Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Аяулы аналар, асыл жандар, баршаларыңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын!

Жомарт Қаратас, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page