дереккөз

Медицина саласының маңыздылығы сол, дәрігердің жұмыс барысында ешқашан қателесуіне болмайды. Біздің кейіпкеріміз де  өз ісінің білгірі,  Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың эндокринология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, Алматы облысының штаттан тыс бас эндокринологы  Жазылбекова Армангүл Биғаметқызы.

-Ең жауапты салада жұмыс жасағаныма 20 жылдан асты. Емделушілердің өзі емдеушіге көмектесіп, ауруды жеңуге атсалысуы керек. Эндокринологиялық  аурулармен сырқаттанушылық соңғы жылдары жасарып келеді.  Мәселен,  диабет қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен болатын дерт. Міне, қант диабетімен   жаңа туған сәбиден  7 жасқа дейінгі балалар  мен жасөспірімдердің ауруы  қатты  алаңдатып отыр.  Негізінен, балалар дұрыс тамақтанбайды. Көбінесе, фаст-фуд өнімдерді,  чипсы, кириешки, Қытайда өндірілген  тез дайындалатын  лапша,  консервантты тағамдарды жейді. Бұл өнімдер денсаулыққа өте зиян. Зат алмасудың созылмалы бұзылуы  айықпас дертке  душар етеді. Семіздік белең алып отырғандығын да жасыра алмаймын. Қалқанша безі аурулары да азаймай отыр,-дейді білікті дәрігер.

25 төсектік бөлімде науқастарға  2 дәрігер  мен 6 мейірбике, 7  тазалықшы көмекшілер қарап, ем-дом жасайды. Арнайы пікір жазылған  кітапты  алып қарап едік, ақ халатты абзал жандарға емделушілер өз ризашылықтарын білдіріпті.

Дәрігер Армангүл Биғаметқызы үнемі тәжірибелік білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде болып, өз сала­сында ем жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгеруде.  Сондықтан    Англия, Грузия, Германия, Австрия  елдерінің білікті мамандары бас қосқан  диабетология  бойынша өткізілген халықаралық  конгреске  шақыртумен  барып келген.  Диабет мектебінде сырқаттарға  ақыл-кеңес береді.

 Сырқат жанның дертіне дауа, еміне шипа таба білген  дәрігерлер қауымы  өз істерімен мақтанады.  Аналар қауымын  көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, басты байлық денсаулық тілейді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page