Талдықорғанда Арман Бақтыбайұлы есімді студент өрт шыққан пәтерден екі баланы құтқарып қалды. Оқиға бүгін сағат 11-лер шамасында болған, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде оқитын білімгер сабағына бар жатқан жолда балконнан көмек сұрған балалардың даусын естіпті. Ол кезде пәтердің терезесінен түтін шығып жатқан екен.

— Өрт болғанын біліп, жедел 101 қызметіне телефон соқтым. Одан кейін бірден 2-ші қабатқа көтеріліп, есікті тартып едім жабық екен. Қайта сыртқа шығып, газ құбыры арқылы жоғары өрмеледім. Алдымен 2 жасар қызды көтеріп алып, төменге түстім. Жоғарыға өрмелеп, үлкен қызды да құтқардым, — дейді жас батыр.

Posted by Kairat Abdrahman on Kolmapäev, 6. märts 2019

Оқиға орнына келген төтенше жағдай қызметкерлері тұтанған өртті сөндіріп, балаларға дәргерілік көмек көрсетті.  Анықталғандай өрт тоққа тығылып тұрған ұялы телефоннан шығыпты. Балалардың ата-анасы бұл уақытта жұмыста болған.

Айта кетейік, 19 жастағы студентті ерлік жасағаны үшін Алматы облысының төтенше жағдайлар дерепартаменті арнайы марапаттамақ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page