Іскер әйелдер тәжірибелерімен бөліседі

27
Дереккөз

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында журналист, блогер Жанна Ахметова «Әйел жетістігінің формуласы» жобасымен таныстырды.

«Әйел жетістігінің формуласы» семинары сәуір-мамыр айларында Талдықорған қаласында өтеді. «Қағанат» асханалар  желісінің бас директоры  Шынар Бөгембаева, танымал журналист Махаббат Есен сынды өз кәсібінде жетістікке жеткен іскер әйелдер тәжірибелерімен бөліседі. Жанна Ахметова «Алматы облысының ішкі саясат басқармасымен бірлесе өткізер шарада қыздарға мамандық таңдау, қызмет ету, іскерлік қағидалар, кәсіпте жетістікке жету, сонымен қатар отбасындағы құндылықтар сынды өзекті мәселелер жөнінде кеңінен мағлұмат беріледі. Кез келген жаста өзің қалаған сүйікті ісіңмен айналысуға болады. Ең бастысы алғашқы қадам жасаудан қорықпау қажет. Сондай-ақ, біз жоба аясында «ALMAU» университетімен  мектеп бітіруші қыздар арасында «Үздік бизнес жобаға» байқау жариялауды жоспарлаудамыз. Жеңімпаз екі ару  аталмыш университетке грантқа оқуға түсу мүмкіндігіне ие болады»-деп атап өтті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page