Талдықорғандағы «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде арнайы жиын өтті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырған басқосуға білім және балалар үйінің директорлары  шақырылып, басқарма басшылары мен қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты.

 «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Аманжол Жазықбаевтың айтуынша, басқосудың басты мақсаты – аймақтағы  балалар үйінің жұмысын жүйелендіру бойынша ортақ ой қортып, тың ұсыныстар әзірлеу. Жиын басталар алдында департамент өкілдері мен қоғамдық ұйым мүшелерінен құралған арнайы тексеру құрамы қаладағы «Айналайын» балалар үйіне барып ондағы жағдайды өз көзімен көрген.

Жиында сөз алған тексеру тобының мүшелері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, балалар үйіне бөлінген қаржаттың тиімді жұмсалуы тағы басқа да жұмыстар басты назарда болатынын атап айтты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page