Нұр Отан партиясы Талдықорған қалалық филиалында
дереккөз

Нұр Отан» партиясының құрылғанына  үстіміздегі жылдың 1- наурызында  20 жыл толды. Осынау мерейлі күнге орай  Талдықорған қалалық партия  филиалында салтанатты жиын өтті.

Партияның Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Г. Тойлыбаева  жақында Елбасының қатысуымен өткен партия съезінде  алға қойылған міндеттер турасында баяндады.  «Тарих өлшемімен қарағанда 20 жыл көп уақыт емес. Алайда, құрылғанына 20 жыл толған партия халықтың сенімін абыроймен атқарып келе жатыр.  Ел мүддесі мен бірлігін нығайту үшін жұмыс жасайтындығын дәлелдеді. 1999 жлдың 1 наурызы тәуелсіз еліміздің жылнамасына партиямыздың негізі қаланған күн ретінде енді. Астанадағы жиында Елбасы болашаққа бағытталған  10 мақсатты алдымызға қойды. Партияның 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасы сараланды. Айқын мақсатпен алдағы уақытта да партия мүшелерінің  атсалысуымен көптеген  істер атқарылады деп сенеміз»,- деді.

«Нұр Отан» партиясы  Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Аманжол Жазықбаев партия мүшелерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Бүгінгі таңда 11 мыңнан астам мүшесі бар қалалық партия  филиалы  28 бастауыш партия ұйымдарының басын біріктіріп отыр.   «Өнер» мен «Сенім» бастауыш партия ұйымдарының  төрайымдары Ғ. Темербаева мен С. Құсмолданова жиналғандарды партияның мерейтойымен құттықтады.

Партия белсенділері мен ардагерлерге Алматы  облыстық және Талдықорған қалалық  партия филиалдарының  Алғыс хаттары табысталды.  Әр салада қызмет жасайтын мемлекеттік қызметшілер мен жас мамандарға партияның мүшелік  билеттері салтанатты жағдайда берілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page