Көңілдерге қуаныш егетін көктемнің алғашқы мерекесі, той атаулының қызығы мен берекесі – 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен барлық нәзік жандыларды құттықтаймын! Бәріміз де анадан тудық. Осы орайда ақ сүт беріп өсірген аналарға ерекше ілтипатымды білдіргім келеді. Құрметті аналар! Осы сәтті пайдалана отырып, сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілеймін. Әр таңдарыңыз арайлы, күндеріңіз нұрға толсын!

Жақында ғана «Нұр Отан» партиясының съезінде мемлекет тарапынан аналарға үлкен көңіл бөлінетіндігі айтылды. Үйде бала тәрбилеп отырған аяулы жандар үшін бұл қуанышты жаңалық. Иә, біз аналарға барлық жағдайды жасауымыз қажет. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде аналардың рөлі ерекше екендігі ұмытылмауы тиіс. Себебі, аналар барда береке бар, жақсылық бар.

Ермахан Ибраимов, бокстан

Сидней Олимпиадасының чемпионы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page