Бірде Қожанасыр бояу шеберханасын ашыпты. Шеберханаға келіп-кетіп жатқандардың бірі Қожекеңді сынамақ болып:
— Қожеке, мына бір затты ешкім естімеген, ешкім көрмеген яғни, ақ та, көк те, қара да, қызыл да, сары да, жасыл да, қоңыр да, сұры да емес, бір түске бояп берші, — депті.
Оның  әдейі айтып тұрғанын біле қойған Қожанасыр:
— Жарайды, айтқаныңыз болсын, тастап кет, — дейді. Сосын қулығымды асырдым-ау деп, өз ісіне мәл болған әлгі адам:
— Қашан келейін? — деп, сұрапты.
Сонда Қожекең:  – Қашан келсең де өз еркің. Бірақ, сен келетін күн дүйсенбі де, сейсенбі де, сәрсенбі де, бейсенбі де, жұма да, сенбі де, жексенбі де болмасын, — деген екен.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page