Біз Жетісуда тұрамыз!

51
Дереккөз

2016 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, Жарлыққа қол қойған болатын. Осы орайда «Достық үйі — Қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне арналған «Біз Жетісуда тұрамыз!» атты облыстық форум өтті.

Дереккөз

Елбасымыз  «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі  жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын. Бұл күн — тілі, діні  басқа болса да өзгені өзегінен теппей бауырға басқан қонақжай халқымыздың дархан көңілін, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп отырған сәтімізді айшықтайтын күн.

Дереккөз

«Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі — біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық, бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім» деп атап көрсетті. Биылғы жыл Жастар жылы ретінде жариялануына орай арнайы он күндік жарияланған болатын. Бүгінгі қорытынды шараға қатысушы баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, ел игілігі мен жарқын болашақ жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін»-деп жастарға үлкен сенім артылып отырғандығын тілге тиек етті.

Дереккөз

Ағымдағы жылдың Жастар жылы болып жариялануына байланысты облысымызға қарасты аудан, қалаларда 2000-нан астам жастың қатысуымен «Біз осы ауылда (қалада) тұрамыз» акциясы өткізілген болатын. Аталмыш он күндікке белсене қатысқан жастар арнайы диплом, Алғыс хатпен марапатталса, Ескелді ауданының командасы  бас жүлдеге ие болды. Үздік деп танылған туындылар «Біз Жетісуда тұрамыз!» бейнефильмдер жинағына енгізілмек.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page