ЖМУ
дереккөз

 І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің  студенттері түрлі деңгейдегі конференциялар мен конкурстардың  жеңімпаздары атанып келеді. Бұл олардың Жастар жылына жасаған тартуы.

Тараз қаласында  өткен музыкалық өнердің республикалық «Music souvenir kz» байқауында  «Музыкалық білім беру» мамандығының 3 курс студенті А. Телебаева 1 дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі  Р. Алсаитова); Қазақстан  Республикасы Рәміздеріне — 25 жыл. «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында «Мәңгі ел, Қазақстаным!» фестивалінде «Дизайн» мамандығының студенті  Ғ.Нұрбек (жетекшісі  Н.Адамқұлов)    1-дәрежелі дипломға ие болды.  Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимылдың 2015-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде өткізген «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ ел –өркендеуші» атты республикалық сурет конкурсында «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенті Рсалиев Қ. (жетекшісі Бекбергенова А.С.) 3 орын иегері  атанды.

Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінде өткен студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясында  «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті Идигова А. (жетекшісі Машанова С.М.) 2орынды,«Қазақ тілі әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Мырзалы Т. (жетекшісі Сарбасова К.Б.) 3 орынды, 3 курс студенті  Ә.Қойшыбай  бірінші орынды иеленді.

 «Биология» мамандығының магистрі М.Тілеуқабыл,  А.Елтаева (жетекшілері А. Джанкулдукова, Б. Оксикбаев )  3- орындарға лайық деп табылды.  Ал Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде өткен ХХІІ  — студенттердің ғылыми конференциясында  қаржы мамандығының 3 курс студенті  С.Дүйсегұлова 2 орынмен  марапатталды (жетекшісі  Г.Лухманова); Т.Рысқұлов атындағы Қазақ ұлттық экономика университетінде өткен халықаралық ғылыми конференциясында «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті С Дүйсеғұлова (жетекшісі Г.Лұхманова) 2 орынды иеленді.«Құқық және экономика негіздері» мамандығының 3 курс студенті Ғ.Дәрібаев (жетекшісі Байжуманова А.М.);  «Конститутцияның  үстемдігін қамтамасыз ету және конституциялық  патриотизм мәселелері бойынша эссе – конкурстағы үздік жұмысы үшін 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

  Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өткен Қ.Телжановтың 90 жылдық мерейтойына арналған халықаралық студенттік плэнерге қатысып, «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенті  М.Қасымбекова (жетекшісі  Б. Ахметов)  ІІІ- дәрежелі дипломды иеленді.

«Ғылым, Білім және инновация – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» идеяларын жүзеге асыру негіздері» республикалық ғылыми практикалық конференциясында  баяндама жасағаны үшін «Ақпараттық жүйелер» мамандығының  4 курс студенттері А.Алыбаев.,  А.Манасбай , М.Мадиев (жетекшісі   А.Алдабергенова)   бірінші орынды қанжығасына байлап оралды.

 Журналистика» мамандығының 3 курс студенті   А.Махимова (жетекшісі   Ж.Есенбек)  «Конститутцияның  үстемдігін қамтамасыз ету және конституциялық  патриотизм мәселелері бойынша эссе – конкурстағы үздік жұмысы» үшін  үшінші  дәрежелі дипломмен  және де дәл осы мамандықтың  3 курс студенті  Г.Асхатқызы 1- дәрежелі дипломмен марапатталды.

Алматы қаласында өткен республикалық жоғарғы оқу орындарының арасындағы «Язык есть исповедь народа» байқауында 3 орынды университеттің  студенттер командасы  «Журналистика» мамандығының 1 курс студенттері,  яғни А. Абишева , А.Готунок, Е.Серік, А.Суниятова  (жетекшісі  Б.Есімқұлов Б.Н.) олжалады. «Биология» мамандығының 2 курс студенті  Алем Абділдаұлына  «Үздік студент -2018» төсбелгісі  және куәлік берілді.

Қорыта келгенде, университеттің білім қоржыны  толыға түсті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page