Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев қала активіне жаңа орынбасарын таныстырды. «Конкурстық комиссияның шешімімен және менің өкіміммен бұл лауазымға Дәурен Тұрғанбаев тағайындалып отыр. Ол бұдан былай құрылыс, коммуналдық шаруашылық саласына жетекшілік ететін болады. Қызметіңізге сәттілік тілеймін!» деді қала басшысы.

Тұрғанбаев Дәурен Қабылбекұлы 1980 жылы Сарқан ауданының Екіаша ауылында туған. Білімі жоғары. Жалпы еңбек өтілі 13 жыл, оның 11 жылын мемлекеттік қызметте өткізген. Еңбек жолын 2004 жылы Алматы облыстық жол және коммуналдық шаруашылық басқармасынан бастаған. Әр жылдары Алматы облыстық жол және коммуналдық шаруашылық басқармасында, Алматы облыстық сәулет, қалақұрылысы және құрылыс басқармасында, Алматы облыстық құрылыс басқармасында жетекші маманнан бөлім басшысына дейін қызмет еткен. 2009 жылы Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы лауазымдарын атқарған. Содан кейін бір жылдан астам уақыт Алматы облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында жұмыс істеді. 2010 жылдың соңынан бүгінге дейін да облыстық Құрылыс басқармасында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page