Бірде Қожанасыр көшеде адасып жүрген бір қойды ұстап, сойып алыпты. Оны ешкімге айта қоймас деген оймен бір жақын жолдасына айтыпты.  Оны естіген жолдасы: — Ойбу, Қожеке енді қияметке барғанда не деп жауап бересің? — деп қиналыпты. Ал, Қожанасыр: — Жоқ мен жеген жоқпын деп сөзімнен танамын десе, досы жоқ, тана алмайсың, қойдың өзі келіп куә болады депті.Сонда Қожанасыр: — Онда тіпті жақсы, сол жерде қойды бас салып ұстап, иесіне қайтарып бере саламын  — деген екен.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page