Елімізде цифрлық жүйенің енгізілуіне байланысты, конкурсқа қатысатын үміткерлердің құжат тапсыру рәсімі де жеңілдемек. Атап айтсақ, биылдан  бастап конкурсқа қатысатын үміткерлер тиісті құжаттарын мемлекеттік мекемелерге ИПГО, Е-gov порталы арқылы тек электрондық нұсқада ғана тапсырады. Бұл туралы Талдықорғанда ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев айтты.

Елбасының 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауына байланысты аймақ жастарымен жүздескен Серікбай Өрікбайұлы:  – Бүгінгі басқосудың басты мақсаты­ –  жас мемлекеттік қызметшілер мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  және мемлекеттік қызметшілерді іріктеу барысындағы қабылданған жаңашылдықтарды түсіндіру — деді.

­ – Жалпы, 2018 жылы Алматы облысы бойынша тектілеуге 5 мыңнан астам адам қатысты, оның 51 пайызы оң нәтиже алды. Құқық қорғау қызметіне 2 мың үміткерлер арасында бұл көрсеткіш 51,6 пайызды құрады. Одан басқа, бүгінгі күні тестілеуден өткен әр үміткердің қолына қағаз нұсқада тестілеу сертификаты беріледі. Ал, ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бұл рәсімдер де электрондық форматқа көшіріледі. Мемлекеттік мекемелердің кадр қызметі үміткерлердің тектілеуден және құзыреттерін бағалаудан  өткені туралы мәліметті  «Е-қызмет»  ақараттық жүйесінен ала алады – деп атап көрсетті департамент басшысы.

Еске сала кетейік, департамент мамандарының мәліметінше, қазір Алматы облысында 8 жарым мыңнан астам мемлекеттік қызметші бар. Олардың тең жарымына жуығы жастар. Бүгінде жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі  «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасы. Бұл жоба аясында өңірдегі 60-қа жуық орта және арнайы кәсіптік білім беретін, 3 жоғары оқу орындарында кеңселер ашылып, жұмыс жасауда.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page