Қожанасырдың ауылында бір сараң бай болыпты. Қожанасыр оны көпшіліктің алдында үнемі қағытып жүреді екен. Сол үшін бай оны  үйіне бір де бір рет қонаққа шақырмапты.

Бір күні бай қайтыс болып, көпшілік оның жаназасына Қожанасырды да шақырыпты. Сонда Қожанасыр : — Егер бай тірі болғанда мені шақырмас еді десе, оған таңырқай қараған шақырушылар: —  Бірақ, бай қайтыс болды ғой депті.
Сонда Қожекең:  — Бай қаза болуын болды ғой, кенеттен ол менің келгенімді байқап, табыттан ұшып тұрса ше? Оны қайта орнына жатқызу қиын болады-ау — деген екен.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page