«Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен

қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыданқауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек.»деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай адам өткенін жақсы білмесе, болашаққа нық қадам баса алмайды.

Тәуелсіз елөткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу біз үшін өте маңызды.Тарихқа көз жүгіртсек, талай қиындықтар мен тағдырдың соққылары қазақ халқының басына таяқ болып тигенін көреміз. Біздің еліміз -Қазақстан Республикасы — бүгінгі таңда даму жағынан көптеген елдерден алда келеді. Мұның басты себебі деп, еліміздегі жанашыр, әрі өз Отанының шын патриоттарының жасаған еңбектерінің жемісі деп білемін.Қазақстан –кең байтақ әрі тариxы өте тереңде жатқан мемлекет.Қазақтың көптеген ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған. Бұдан біз ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұдан да ерте айтылып жүргенін, тариxымыздың тым әріде жатқанын білдіреді.Осыған орай,еліміздің қыр-сырларын зерделей келе Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен төл тариxымызды бір жүйеге келтіруге үндейді.Президент жаңа мақаласында төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктей келе тарихи сананы жаңғырту мәселесін көтеріп, 6 бірдей жобаны ұсынып отыр. Оқиғалар мен тұлғаларды уақыт тізбегі бойынша бір жүйеге келтіру тарихымыздың нағыз жетіспей тұрған тұсы дейді мамандар. Сол мақалаға тоқталатын болсақ:І. Ұлт тариxындағы кеңістік пен уақыт. Бұл бөлімде қазақтың атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургиясы,аң стилі, Есіктен табылған Алтын адам, Ұлы Жібек жолы және т.б туралы айтылған. Шынымен де, қазақтар ежелден бері атқа мініп, жылқы шаруашылығымен айналысып келеді.Қазақтар-жылқыны қастерлеп, жеті қазынаға жатқызған xалық.«Ер жігіттің жүйрік аты-қанаты» деп білген.Сонымен қатар, қазақтың жері сан алуан металл кендеріне бай және ең алғашқы металл өндіріле бастаған орталықтардың бірі екені анық. Ата-бабамыз металл өндіруді дамытты.Біздің дәуірімізден бастап Еуразияның шығысы мен батысы, оңтүстігі мен солтүстігі арасындағы мәдениет пен сауда саласындағы байланысына Ұлы Жібек жолы айналды. Деректер бойынша, пайда болған кезден бастап Ұлы Жібек жолы,негізінен, Түрік қағанатының жерін қамтып, Еуразияда түркілердің үстемдігі кезінде гүлдене бастаған екен.Қазақ жерін мекендеген ең алғышқы тайпалардың бірі-сақтар. Сақтардың біздің жерді мекендегені туралы көптеген мәліметтер бар. Соның бірі-Есік қорғанынан табылған «Алтын адам». Зерттеулер нәтижесінде оның сақ жауынгері екені белгілі болған еді.

«Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады», деп бастап, мұның «жай ғана әдемі афоризм еместігін» ескертіпті. Айтылған ойдың астарынан «бұл – тарихи шындық» деген тұжырым сығалап тұр. Демек уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде басталған осы ұлттық тарихымызға терең үңіліп, түп-тамырымызды жете танып, оның күрмеуі күрделі түйінін шешуге ұмтылу – баршамызға ортақ міндет. Басқаша айтқанда, төл тарихымыздың төлтума болмысын өзіміз ғана біліп қоймай, оның ешкімнің тарихынан кем еместігін өзгелерге де танытарлық тарихқа деген дұрыс ұстанымымыз болуы қажет. Бұл ретте Прези-дент мақаласында санамалап көрсеткен Ұлы Даланың жеті қыры арқылы біздің ғалымдарымыз бен тарихшыларымызға ежелгі ұлыдалалықтардың адамзат баласы жасаған өркениеттің бастауында тұрғанын меңзеп, «Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз жеткілікті» дейді. Шындық сөз. Расында да, оған қажетті дәйектер жетіп-артылады. Тек көре білер көз, тани алар мол таным, жүзеге асырар ынта болсын деңіз. . Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу технологиясы, өз жазуы мен мифологиясы бар озық мәдениетті Қазақ елінің рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі өнері», бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері − «Алтын адам» жауынгері, түркі әлемінің бесігі саналатын Алтайдан бастау алатын түркі тарихы, әлемдік экономиканың өркенденуіне септігін тигізген − Ұлы Жібек жолы жүйесі, Қазақ елінің ұлттық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи жайт қана емес, сонымен қатар әрбір қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар. Ұлы даланың жеті қырының кез келгені – Қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болатын Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға ба-ғытталған ұсыныстары мемлекетіміздің нығаюына септігін тигізетініне толық сенімдімін. Өйткені тарихын білген ел ғана өткеннен сабақ алып, жарқын болашаққа жол тауып жетістіктерге жетеді. Елбасы Н.Ә Назарбаев «төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады» дей отырып, ең алдымен, болашақтың тірегі жастарға зор сенім білдіреді.Біз жастар егеменді еліміздің тарихын,құндылығын ары қарай жаңғырту аясында аянбай еңбек етуіміз керек.

Айдана Сағынғанова, №2 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page