Талдықорған қаласы бойынша 2017 жылға қызылша сырқатанушылығы тіркелмегенімен 2018 жылға 1 жағдай тіркелді.

Қызылша – бұл қауыпты және жас балалар арасында жиі кездесетін жұқпалы ауру.

Қызылша — ауа тамшыларымен, яғни науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауа арқылы таралады. Қызылшаның вирусы бөртпе, жөтел, мұрынының бітуі, көздің шырышты қабаттарының тітіркенуі, қабынуы және дене қызуының көтерілуімен, коньюнктивит, катаральді белгілерімен сипатталады.

Бұл ауру салдарынан өкпенің қабынуы, әртүрлі эпилептикалық ұстамалар, церабралды бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Көп адамдар қызылшаның бастапқы кезін тұмау немесе жедел респираторлық вирус инфекция ауруларымен, ал бөртпе шыққан кезеңде аллергиялық аурулармен шатастырады. Сондықтан қызылшаны дер кезінде анықтау үшін жұқпаның этиологиясын, клиникасын,бөртпенің шығу ерекшелігін басқа жұқпалардан ажырата білу тиіс. Қызылшаның негізгі белгісінің бірі — дақты-папулезді бөртпелер. Ол науқас ауырғаннан кейін 3-4-ші күні шығады. Аурудың бастапқы кезеңінде науқастың дене қызуы көтеріліп, мұрыннан су ағады. Ұрттың шырышты қабатында қызыл жиекпен қоршалған ұсақ ақ дақтар шығады, ал таңдайында энантемалар пайда болады.

Ауру көзі — тек науқас адам болып табылады, ол тек қана адамнан адамға жұғады,сондықтан да антропонозды жұқпалы ауру болып саналады. Қызылша әсіресе бастапқы және бөртіп шыққан алғашқы күндерінде мейлінше жұққыш және қауіпті болып келеді. Адам өмірінде қызылшамен ауырмаған болса, не қызылшаға қарсы егілмеген жағдайда, өзіне жұқтырады.

Қызылша жұқпасының алдын алудағы жалғыз сенімді жолы — ол ЕКПЕ жасату.

Қазақстан Республикасының ұлттық күнтізбесіне сәйкес қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинациялау 12-15 жас, ревакцинациялау 6 жаста жүргізіледі. Сіздің балаларыңыздың да қорғалуға құқығы мен мүмкіндігі бар. Құрметті ата-аналар! балаларыныңыздың денсаулығына немқұрайлы қарамауларыңызды өтінемін. Уақытында екпені алу көп аурудан сақтайды.

«Талдықорған қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасы» РММ

басқарма басшысы, «Нұр Отан» партиясы

«Тазалық» БПҰ мүшесі Е.Асимкулов

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page