Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Тұмаудан қорғануға дайынсың ба?» атты акция өтті. Аталмыш шараны облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған.

Акция барысында нарколог, терапевт, кардиолог, гинеколог мамандарынан құралған топ, жастарға салауатты өмір салтын ұстану жолдарын насихаттап, тұмау және жедел респираторлы вирустық инфекциялардың алдын алу шараларын, дұрыс емделу жолдарын түсіндірді.

Студенттер дәрігерлерге сұрақтарын қойып, артынша қан қысымын, салмақтары мен бойларын өлшетті. Шара соңында ақ халаттылар қатысушылардың барлығына ауыз тұмшаларын таратты.

Мадияр ТОҚАН.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page