Жетісулық Бейбіт Мұсаев финалда

539
Дереккөз

Республикалық “Мен қазақпын”  мега  жобасында жетісулық Бейбіт Мұсаев финалға шықты.

18 бен 40 жас аралығындағы таланттар  бақ сынайтын байқау үш бағытты әншілік, термешілік және күйшілікті  қамтиды. Тележоба  Маңғыстау облысы  мен Ақтау қаласынан бастау алып, Жетісу жерінде де  жалғасын тапқан болатын. Ұлттық құндылығымызды ұлықтап, руханиятымызды жаңғыртар доданың өңіріміздегі іріктеу кезеңіне  елуден астам өнерпаз қатысып, өзара сынға түсті . Сайыс қорытындысына сәйкес дәстүрлі әншілер арасында Бейбіт Мұсаев, қарасайлық термеші Мұқатай Баймұхамет, күйші Жанар Ұлжабайқызы  Астана қаласында өтетін кезеңге жолдама алып, облысымыздың  намысын қорғады.  Нәтижесінде бірнеше кезеңнен сүрінбей, оқ бойы оза шыққан жерлесіміз Бейбіт Мұсаев финалға өтті. Жетісудың мақтанышы шешуші сайыста  алматылық Сәулежан Тақзиямен  бақ сынайды. Айта кетейік, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталып,  « Жылдың ең үздік дәстүрлі әншісі», « Жылдың ең үздік термешісі», «Жылдың ең үздік күйшісі» атағына ие болады. Жезтаңдай  әншіге  www.vote.kaztrk.kz сайты немесе  3075 нөміріне 11  санын жіберу арқылы дауыс бере аласыздар.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page