Қырғызстанда алғаш рет туристермен жұмыс істеуге арналған бөлім — туристік милиция жұмыс істей бастады. Бұл қызмет әзірге Бішкек қаласында ғана бар.

Туристік милиция туристердің, Қырғызстандағы басқа елдердің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, заңға қатысты сұрақтарына жауап береді.

Бұл қызметке қабылданудағы басты талап — шетел тілдерін және заңдарды білу. Қызметкерлер астана қонақтарына шет тілінде жауап бере алады.

Туристік милицияға іріктеуден 60 адам өтті. Екі взвод құрылды. Кейбір қызметкерлер ағылшын ғана емес, итальян, француз және түрік тілдерін де біледі. Қызметкерлердің жарымы — әйелдер.

Үкімет туристік милиция ел беделін арттырады деп үміттенеді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page