Жаңа жылды мерекелеу күндері мерекелік дастархан жайылады. Осыған байланысты, денсаулыққа зиян келтірмей, Жаңа жылды қалай қарсы алу керектігі туралы кеңестермен бөліскіміз келеді.

  • Мереке алдында және мереке күндері тамақтанудағы үш қағидатты ұстану қажет: тұрақтылық, теңгерімділік, ұстамдылық. Алуан түрлі тамақтаныңыз, жемістер мен көкөністер туралы ұмытпаңыз, өзіңіз жақсы көретін тағамдарыңызды жеңіз, бірақ шамаңызға қараңыз. Мерекелік кешкі ас алдында таңғы ас пен түскі ас туралы ұмытпаңыз. Көбірек су ішіңіз.
  • Мерекелік дастарқанға дейінгі және кейінгі дене белсенділігі. Мерекелік кешкі астан 2 күн бұрын және 2 күн дене белсенділігі қажет, бұл- таза ауада серуендеу, сырғанау, коньки, шаңғы тебу және т.б. Нәтижесінде Сіз өзіңізді сергек сезінесіз!
  • Дұрыс және тыныш ұйқы. Организм  ұйқы кезінде қалпына келеді, бұл оған тағамды жақсы сіңіруге және мереке күндері жиналған токсиндерден құтылуға мүмкіндік береді. Ұйқы алдында стимуляторларды (алкоголь, кофеин, темекі және т.б.) пайдаланбаңыз.
  • Мереке күндері отбасыңызбен және достарыңызбен уақытыңызды пайдалы өткізіңіз. Денсаулық пен бақыт өзара байланысты.

Дені сау болу үшін дұрыс шешім қабылдаңыз!

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page