Өрт сөндірушілері жарысы

0
84

Талдықорған қаласында өрттен-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының VІІІ жазғы чемпионаты басталды. Айтулы додаға еліміздің барлық өңірінен 16 команда келді. Өрт сөндіру спортын насихаттауды мақсат еткен шара екі күнге созылмақ. Сайыстың ашылу рәсімі «Жетісу» стадионында өтті.

Жарыс шымылдығы Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжановтың құттыққтау сөзімен ашылды. Әкім орынбасары өрттен-құтқару спорты жылдан жылға қарқын алып, ауқымы кеңейіп келе жатқандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, өзінің жылы лебізін жеткізді. Келесі де ҚР «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорты федерациясы» қоғамдық бірлестігінің директоры Дәурен Данаев командаларға құттықтау сөзін арнап, оларға жарыс барысында ептілік пен жеңіс тіледі. Сонымен қатар, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Дарынбек Байсариев те спортшыларға ыстық ықыласын ақтарды.

Шара барысында «Өрттен-құтқару спортына 60 жыл» мерейтойлық медалімен облыстық спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев, ҚР ерлер Ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Сәкен Орынбаев, спорт ардагері Мұса Райнбеков және ҚР Өрттен-құтқару спорты бойынша әйелдер ұлттық құрама командасының мүшесі Ақмарал Баяхметова марапатталды. Осыдан кейін көрермендер назарына өрттен-құтқару спортының бірнеше қойылымдары ұсынылды.

Айта кетейік, жарыс қатысушылары екі күн ішінде 100-метрлік жолақты бағындыру, өрт сөндіру эстофетасы, оқу мұнарасының қабаттарына буынды сатымен көтерілу және жауынгерлік қанат жаю секілді кезеңдерден өтіп, өзара мықтыларын анықтайтын болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here