Көлбай көшелері тегін жөнделіп жатыр /фото, видео/

0
665

Алматы облысының Алакөл ауданына қарасты Көлбай ауылында көшелер тегін жөнделіп жатыр. Күре жолдың бойындағы аядай ғана ауылдың көшесін жөндеуге Қытай Халық республикасының «CITIK» компаниясы қолғабыс етуде. Ауылдық округ әкімі Ержан Шакеровтың ұйымдастыруымен жол жөндейтін мекеменің 14 техникасы ауылға кіріп, ұзындығы 1,5 шақырым болатын ішкі көшені 2 күн ішінде жөндеп шыққан.

«CITIK» компаниясы – республикалық маңыздағы Талдықорған-Өскемен жолының Алмалы-Көлбай арасын күрделі жөндеуден өткізеді. Жол жөндеушілердің сервистік қалашығы Көлбай ауылдық округінің аумағында орналасқан.

 

«Көшенің жөнделгені ауылымыздың 90 жылдық тойына тамаша тарту болды. Осы істің басы-қасында жүрген, қазынадан да, халықтан да бір тиын шығармай, шетелдік компаниямен келісе білген ауылымздың баласы, округ әкімі Ержанға мың алғыс. Халықтың алғысына бөленіп, еңбегі еленіп жүре берсін» дейді ауыл тұрғыны Сәрсенбек Жұмағалиев.

Атқарылған жұмысқа ризашылық білдіргендердің бірі Куанышгүл Қасымқызы. «Мен Мәншүк Мәметова көшесінің тұрғынымын. 3 апта ауылда болмадым. Жарты Қазақстанды аралап келіп, өзім тұрып жатқан көшені танымай қалдым. Бұрындары кішкене жаңбыр жауса көшеміз су-батбақ болып, жүре алмай қалатынбыз. Енді міне, әдемі жол салынған екен. Ауыл әкіміне үлкен рахмет айтамын. Еңбегі жансын! Ауылымыз көркейіп, өсе берсін!» дейді көлбайлық тұрғын.

Іргетасы 1928 жылы қаланған Көлбай ауылында бүгінде 300 ден аса түтін бар. 3 мыңға тарта халық тұрады. Ауыл 5 көшеге бөлінген. «Бір үлкен көшемізді жөндеп алдық. Мүмкіндік болса, енді қалған көшелерді де ретке келтіру жоспарда бар. Елбасының дана саясатының арқасында елімізге жаңа технологиямен жол салатын ірі компаниялар келіп жатыр. Бірі — «CITIK» компаниясы. Қазір олар толық қуатта жұмысқа кіріскен жоқ. Сол мүмкіндікті пайдаланып, компания басшылығымен келісіп, ауыл ішіндегі көшелерді жөндеу жөнінде уағдаластыққа келдік. Бұйырса, алдағы уақытта қалған көшелерімізді де түзеп, асфальт төсеуді жоспарлап отырмыз» дейді Көлбай ауылдық округінің әкімі Ержан Шакеров.

«Өзім туған ауылыма әкім болып сайланғаныма 2 жылға жуықтады. Осы уақыт аралығында ауыл әкімдігі толық жаңартылып, спорттық алаң салынып, ауыл ішіне су құбырлары жүргізіліп жатыр. Ауыл жұрты мен аудан басшылығы сенім артып, осы жұмысқа бекіткен соң, бар мүмкіндігімді салып жұмыс істеп жатырмын. Ауыл өркендесе, елдің де еңсесі биік болады» дейді ауыл әкімі.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here