Актерлар Хан-Тәңірін бағындырды

0
107

Хан Тәңіріне бірінші рет ұйымдастырылған медиа-экспедиция аяқталды. Осыған орай облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында арнайы баспасөз мәслихаты өтіп, тауға аттанған топ мүшелері алған әсерлерімен бөлісті.

автор: А.Нұршанов

Әуесқой альпинистердің құрамында қазақстандық танымал актер Әнуар Нұрпейісов пен театр, кино актрисасы Айсұлу Азимбаева бар. Экспедиция мүшелері тауға шығу барысында қанша метрге дейін көтерілгендіктерін айтып, қызықты сәттерімен бөлісті.

Жалпы, Хан Тәңірі теңіз деңгейінен 6995 метр биік болса, актер Әнуар Нұрпейісов 5000 метрге дейін шыққан екен. Айтуынша, ары қарай жүруге денсаулығы сыр берген көрінеді. Содан кері қайтуды жөн санаған.

Ал, әріптесі Айсұлу Азимбаева одан мың метрге артық көтеріліп, 6000 метрге дейін жоғарлаған. Екі аптаға жуық созылған медиа-экспедицияға 4 адам қатысқан. Олардың бірі осы екі танымал медиа тұлғалар болса, бірі «Жетісу географиялық қауымдастығының» жетекшісі Ануар Демегенов және спортшы, әрі оператор Александр Кузнецов.

Қатысушылар солтүстік жер шарынының ең биік нүктесі болып саналатын Хан-Тәңірінің ең биік шыңына шығу оңай еместігін де тілге тиек етті. Айтуларынша, мұндай жерге үлкен дайындықпен бару керек. Бұл биіктікті 2012 жылы отандасымыз альпинист Мақсұт Жұмабаев бағындырған екен. Жобаға қатысушылар тағы бір мәрте дайындалып, алдағы уақытта альпинистің рекордын жаңғыртпақ ойлары бар.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here