Ислам діні және медицина

0
33

Дін-ғылымның анасы, ғылым-діннің баласы,-деп ақиық ақын Мұқағали айтпақшы ғылым ішіндегі медицина саласының дінмен байланысы, қарым-қатынасы өте тығыз. Әсіресе Ислам дінінің медицина жайында дерек пен дәйегі көптеп артылады. Сіздерге нақты ғылыми тәжірибеден өткен, арнайы институттар мен ауруханаларда жүргізілген, ең мықты мамандар талқылаған, әлемдегі жаңалықтарды айтқым келеді.

Ардақты пайғамбарымыз үнемі дүйсенбі әрі бейсенбі күндері ауыз бекітіп, нәпіл ораза тұтқан. Американдық ғалымдар әр айда бір рет ашығу ағзаға оң әсерін беретін стресс екенін дәлелдеді. Сол ғылыми мақалада дүйсенбі және аптаның ортаңғы күні деп орнын ойып тұрып көрсеткен. Жалпы, Рамазан айының оразасы — бүкіл жер беті ғалымдарының зерттеуімен дәлелденген универсал емдеуші құрал. Зерттеушілердің айтуынша, аурумын деп оразадан қашпай, керісінше аурудан айырылу мақсатында ашығу жөн екен. Көптеген аурулар эндокринді жүйе(қант диабеті), артериалды гипертензия, жүрек-қантамыр ақаулары (инфаркт пен инсульт), қан жасау жүйесі жаңарып, тыныс-алу ағзалары тіпті ас ордасы асқазан-ішек жолдары патологияларына, гастрит, панкреатит пен өт толғанда, пайдасы ұлан-асыр екен. Айта кетерлік жайт, 2016 жылы оразаның пайдасы жайында жаңалық ашқаны үшін жапон ғалымы атақты Нобель сыйлығын алған. Енді 2017 жылға келсек, американың екі ғалымы уақыт хронологиясы жайлы тың жаңалық ашып Нобель лауреаты атанды. Сол уақыт хронологиясы деп отырғаны 24 сағатта болатын ағзадағы өзгерістер екен, яғни таң рауандап ата сала ояту гормоны бөлінсе, түсте организм шырқау шегіндегі процесстер мен кеш ұясына батқандағы ұйықтату гормонының бөлінуін қамтамасыз ететін биоритмдер. Енді 5 уақыт намаз, дәп сол адам ағзасының 5 уақыт өзгерістер мен ауысулар уақытына дәлме-дәл келеді екен. Оған 5 мезгіл дәретті қосыңыз. Биологиялық белсенді деген нүктелер де осы дәрет суымен тазаланып, жаңарады екен. Олардың саны ағзада 72-ден асады.
Орамал немесе хиджаб. Егер әйелдер қауымы қоғамдық жұмыстар істейтін болса, ең абзалы бас пен шашты қымтағаны. Мысалы, асханада, гигиена сақталады. Ауруханада санитария сақталады. Бала-бақшада тағы сол тазалық. Қарап отырсаңыз, шашты жаппағаннан жапқаны өз ағзамызға әрі өзгеге пайдалы. Ыстық күннің өзінде шашты бүркеу күннің тікелей ультракүлгін сәулесінен қорғайды. Ол еркектерге де керек зат, тақия деген ұғымдардың бір пайдасы. Қасиетті Құран-Кәрімде ең көп айтылған ағза – жүрек. Қазақта жүрек – көңіл патшасы, сезім мен эмоция орталығы, ар-ұят пен ұждан ұясы екені бекерден емес-ау. Ғылыми тұрғыдан айтар болсақ, ХХІ ғасырда стресс деген тажал талай ауруға өз септігін тигізуде. Ол неден болады деген орынды сұрақ туындайды. Сөйтсе, жүрек тастан бетер қатайса, бет шымшыса қызармай қалыңдаса, сөз сүйегі тұрмақ терісінен өтпесе, қырықта қамал бұзар еркектер мен елудегі ел ағалары жүрек инфарктынан қайтыс болып жатқаны жасырын емес. Құранда ….»олардың жүректерінде құлып бар, олардың жүрегі үнемі үрейде, тек Алланы еске алумен жүректер (көңіл) тыным табады», деген секілді аяттар берілген. Алланың сөзі біздің ғасырда «жүректің кенеттен тоқтауы» не «жүректің коронарлы өлімі» деген кардиологияда әлі себебі мен салдары белгісіз зұлмат ауруларды тура болжап кеткендей.Ардақты ағайын, дін мен дәстүрге берік болу — басымыз сау, бауырымыз бүтін болуының кепілі…

Данияр Асылбеков,
Кербұлақ ауданы Кардиология ғылыми-зерттеу институтының кардиолог резиденті. Шет тілдер университетінің дінтану магистранты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here