Талдықорғандық кондитерлер түрік тәттілерін әзірлеуде

0
28

«Хакимова» жеке кәсіпкерлігінің директоры Ильмира Хәкімова «Fortuna Food» брендімен кең ассортименттегі кондитерлік өнімдерді шығарады. Кондитерлік цех нарықта 10 жылдан астам қызмет етіп, бүгінгі таңда 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын кәсіпкер жаңа технологияларды енгізу мақсатында шетелдік сарапшыны шақыруды жоспарлаған болатын. Жақында Ильмира «Аға сеньорлар» жобасының қатысушысы атанды. Жоба «Бизнестің жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тартуға бағытталған.

«Аға сеньорлар»-ға өтініш берген соң кәсіпорынға наубайлық және кондитерлік кәсіпте көпжылдық тәжірибесі бар Шахин Төрер деген түрік сарапшы-кеңесшісі шақырылды. Ол Газиантеп про-винциясындағы Ислахие атты қаласында дүниеге келген. Балалық кезінен бастап кәсіптің нәсібін білетін адам. Жеті жасынан шоколад фабрикалары мен кондитерлік цехтарда жалдамалы жұмыста жүріп, рецептураларды біле бастайды. Осылайша 25 жылдан бері Шахин Төрер кондитер, өндіріс басқарушысы, кеңесші ретінде ондаған еуропалық және араб мемлекеттерінде қызмет істеп келеді. Қазіргі таңда жеке фирмасы бар және әлем бойынша тәттілерді әзірлеу бойынша оқытуды жалғастыруда.


Екі апта ішінде сарапшы «Fortuna Food»-қа сараптама жүргізіп, жұмыс үрдісін ұйымдастыру, өндіріс технологияларын жетілдіру, сапа бақылауын күшейту бойынша ақыл-кеңестерімен бөлісті.
«Шахин Төрердің технологиясы мүлдем басқа, осы бағыттағы тәжірибесі мол. Мысалы, пахлаваны дайындауда қамырды жаймалау ең маңызды бөлім болып табылады. Ашытқы қамырын илеу мен жаюдың да технологиясы өзгеше және күрделі екен. Кондитерлік өнімдердің 10-нан астам түрін пісірдік», — дейді компания жетекшісі Ильмира Хәкімова.
Шахин Төрер наубайшылар мен кондитерлерді пахлава, балмұздақ, торттар, печенье мен пицца дайындауға үйретті. Сонымен бірге ол үрдістерді оңтайландыру, басқарудың тиімді әдістері мен өнімділікті арттыру жөнінде кеңінен тоқталды.

Өз тілшіміз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here