Жетісу — киелі мекен

0
45
Фото авторы А.Нұршанов

“Рухани жаңғыру” орталығында “Жетісу — киелі мекен” атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға “Қасиетті Қазақстан” республикалық ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы, облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуәлиев және тарихшылар мен өлкетанушылар қатысты.

Шара барысында “Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы” жобасы аясында жарық көрген “Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары”, “Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары”, “Қасиетті Қазақстан” және “Историка-культурное наследие. Алматинская область” кітаптарының салтанатты түрде тұсаукесері өтті. Б.Әбдіғалиұлы облысымызда өлкетану бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, аталмыш кітаптардың қазақша нұсқасы дайындалып жатқандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен кітапхана басшыларына жуырда жарыққа шыққан кітаптарды сыйға тартты. Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуәлиев, М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы Райхан Есенбаева, Алматы облысының Мемлекеттік архивінің бас қор сақтаушысы Ардақ Қайыпжанова Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясының 100 жылдығы медалімен, өлкетанушы Мухарам Хайбуллин мен Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әлия Жақыпбекова «Үздік өлкетанушы» төсбелгісімен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here