“Мектепке жол” акциясы басталды

0
77
Дереккөз

1 тамыз дәстүрлі түрде өтетін жалпыреспубликалық “Мектепке жол” қайырымдылық  акциясы басталды. Осыған орай Оқушылар сарайында ұстаздар қауымы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен жиын өтті.

Аталмыш акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы жанұяның балаларына жаңа оқу жылына дайындықта қолдау көрсету. Жиын барысында  игілікті іске қатысты мәселелер жан-жақты талқыланып, қайырымдылықты жариялы түрде жасамау жағына назар аударылу қажеттігі баса айтылды.  Себебі, осындай жағдайларға байланысты бірқатар ата-аналар көмек алудан бас тартқан. Айта кетейік, өткен жылы  акция  аясында 2245 балаға жалпы 23,2 млн. теңге  көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Оның ішінде 1120 бала демеушілердің көмегімен,  1125 бала бюджеттік қаражат есебінен жаңа оқу жылына қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. Ал, ағымдағы жылы 2352 балаға  көмек көрсету жоспарлануда. Атап айтар болсақ, 230 балаға демеушілер, 500 балаға мектеп, 1500 балаға бюджет тарапынан көмек көрсетілсе, 122 балаға демеушілер іздестірілуде. Айта кетейік, 30 қыркүйекке дейін  Талдықорған қалалық әкімдігі мен қалалық білім бөлімінің ұйытқы болуымен “Мектепке жол” жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ,  акцияға үлес қосамын деушілер Талдықорған қаласының жұмыспен қамту орталығына, Еркін және Өтенай ауылдық округтерінің әкімдігінде ашылған арнайы пунктке мектепке қажетті құрал-жабдықтарды табыстай алады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here