Халық қалаулысы-ауданымызда

0
25

Жақында ауданымызда ҚР мәжіліс депутаты Шакир Кусайнұлы Хахазов болып, ел — жұртпен жүздесті.

Құрамында облыстық Дүнген этно-мәдениет бірлестігінің төра-ғасы Исмаз Лосанов, Қазақстан халқы Ассамблеясының бас маманы Ләйлім Көнекбаева, аудан әкімінің орынбасары Болысбай Момбаев бар делегация халық қалаулысының өтініші бойынша іс-сапарын «АлаЦем» зауытының жұмысшыларымен жүздесуден бастады.
Жазиралы Жаркенттің тумасы, еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, білімі мен еңбегінің арқасында биікке көтеріліп, қазіргі таңда Мәжіліс депутаты болып отырған Шакир Кусайнұлы кездесудің мақсатымен таныстырды.


— Бүгінгі күні Елбасының тапсырмасымен 107 депутат облыстың әр түкпірінде жүр. Бұл мақсат-ел-жұртпен кездесіп, ауылдың, тұрғындардың тыныс-тіршілігін білу, шешілмей жүрген мәселелері болса, қолдан келгенше көмек беру.
Елбасымыздың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде қазақ-стандықтардың әлеуметтік мәселелерін шешудің бес басым бағытын ұсынып, оны жүзеге асыру мақсатында мемлекет органдарына нақты тапсырмалар берді. «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбек ақысын көбейту», «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» бастамалары елдің көңілінен шықты. Осы бастаманы орындауға құлшына кірісуге шақырып, аудандарыңызға келдім. Өздеріңіз еңбек етіп, жұмыспен қамтылып отырған мына зауыттың атқарар рөлі қомақты. Алдағы күндері де жаңа жұмыс орындары ашылып, ел игілігіне қызмет ететін нысандар көбейеді деп ойлаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, — деді.
Бұдан соң жұмысшылардың сауалдарына жауап беріп, өтініштерін жазып алып, олардың ешқайсысының аяқсыз қалмайтынын айтты.
Депутаттың кезекті сапары Шанханай ауылдық округінде орналасқан Шоқан Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды мұражайы болды. Бұл жерде ғалымның өмір жолдарынан, еңбектерінен мағлұмат алып, мұражай қызметкерлеріне үлкен ризашылығын білдіріп, қонақтарға арналған арнайы кітапқа қолтаңбасын қалдырды.
Қоғалы ауылындағы кәсіпкер Болат Бурахановтың «Ақмарал» жеке шаруа қожалығында жал-ғасын тапқан жүздесу өте әсерлі болды. Шакир Кусаинұлының орталарына келіп, жағдайларын, мұң-мұқтаждарын сұрағанына қуанған шаруашылық жұмыс-шылары ойларымен бөлісіп, көкейкесті сұрақтарын қойып, бәріне де тұшымды жауаптарын алды.
Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Болысбай Момбаев ауданымызға келіп, әсерлі жүздесу өткізген халық қалаулысы Хахазов Шакир Кусаинұлына халық атынан алғысын білдірді.

Дина АМАНҚЫЗЫ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here