Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жаңа білім

0
24

Тамыз айының бірінші жұлдызынан бастап мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «Sokial IT. Жаңа білім- жаңа мүмкіндіктер» әлеуметтік – білім курстары және «Inclusive IT» әлеуметтік жобасы басталды. Жобаның іске асырылуына  «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігі мұрындық болып отыр.

Жобаның негізгі мақсаты- «Sokial IT.» әлеуметтік – білім беру курстарының мүмкіндіктері шектеулі 25 қатысушыны екі бағыт бойынша оқытып, оларды әлеуметтік оңалту. Сондай-ақ, олардың ішінен әлеуметтік идеяларды іске асыруға 2 шағын- грант ұсынып, жұмысқа орналастыру болып отыр. Ел-басының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттік» атты Жолдауына сәйкес, «Inclusive IT» әлеуметтік жобасы – бұл цифрлық технологияларды, бизнес ортаның жаңа сапасын дамытуды, сандық индустрия және IT саласының өсуін қолдана отырып, адами капиталды жақсартудың перспективалық және өзекті моделі. Жоба аясында мүмкіндігі шектеулі 25 адам 3 ай бойы, яғни 1 тамыздан 31 қаңтар аралығында екі бағыт бойынша оқитын болады. Олар дербес компьютерді ілгерінді пайдаланушы, информатика негіздері және дербес компьтерде бағдарламалау, графикалық дизайн атты екі бағытта білім ала алады. Дербес компьютерді меңгеру деңгейіне және информатика саласында біліміне қарай, курс қатысушылары екі кезеңнің кез-келген біреуінен бастай алады. Екінші кезеңде «Sokial IT. Жаңа білім- жаңа мүмкіндіктер» әлеуметтік жаңа курстарының қатысушылары «Inclusive IT әлеуметтік жоба» байқауына өздерінің әлеуметтік жобаларын ұсынатын болады. Байқаудың бекітілген ережесіне сәйкес, жобаларды презентация мен қорғаудан кейін байқау комиссиясы 2 үздік жобаны іріктеп, шарттық негізде «Inclusive IT» әлеуметтік жобасын іске асыру үшін бөлінген 2 шағын гранттың сертификатын салтанатты түрде жеңімпазға тапсыратын болады. Байқауға қатысушылардың жобалары мен ұсынымдарын әзірлеу үшін, оларға кеңес беріп, сүйемелдеуші ретінде 2 адамнан тұратын жоғары білімді менторлардың командасы құрылады. Байқау нәтижесі жаңа жұмыс орындарын құруға және тұрақты дамытуға бағытталған жобалардың оң имиджін қалыптастыру болып табылады.
Сондай-ақ, қараша айында жоба жеңімпаздарымен баспа-сөз брифингі өткізілетін болады.

Динара АУЖАНОВА.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here