Жұмыс күшімен қамтамасыз ету жәрмеңкесі

0
21

Таяуда Ә.Сарыбаев атындағы Мәдениет үйінде Алматы облысының жұмыспен қамтудағы үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жақсыбаева Бақыт Тоқтарқызы, аудан әкімінің орынбасары Болысбай Тоғысбайұлы, солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Алданазарова Жанар Ермекқызы, солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы жұмыспен қамту орталығының маманы Нероба Ольга Густавова, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Қазыбековтың қатысуымен нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша жиын өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Болысбай Тоғысбайұлы ашып, сөз тізгінін солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Қазыбековке берді.

— Құрметті Кербұлақ ауданының тұрғындары, біз Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданынан келіп отырмыз. Ауданымызда 13 округ бар 53 мектеп бар. Халық саны 19500. Оның ішінде 231 шаруа қожалығы 34 жауапкершілігі шектелген серіктестік жұмыс істейді. Ауданымызда қазіргі таңда барлығы бір сарынмен жұмыс істеп келеді. Жамбыл облысы Қордай ауданынан алты отбасы бізге келіп, қазіргі таңда жер алып, ресми құжатпен рәсімделіп, картоп, пияз, жүгері өнімдерін алып, жұмыстарын атқарып жатыр. Негізі, Алматы облысының тұрғындары бізде қысы суық, қары қалың, алты ай суық ызғарлы болады деп ойлайды, бірақ олай емес бізде қары жеңіл, қысымыз жылы, көмірдің бағасы 11-12 мың. Сіздерде жер мәселесі қиындықтар тудырса, бізде басқа ауданнан келген азаматтар 250 гектар жерде шаруақожалықтары бірлесіп жұмыс жасауда. Кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама бойынша жұмыс жоғарғы деңгейде атқарылуда. Осы бағдарлама бойынша құс өсіру, мал бордақылау, егін егумен айналысатын азаматтарға жер телімі 3 гектардан бастап тегін беріледі. Сондай-ақ, 27 мемлекеттік бос жұмыс орны бар. Біз жақтан талап ететін құжаттарды айта кетсем жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, отбасы туралы мәлімет, мекен-жайы туралы анықтамасы, тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі, білімі туралы құжат көшірмесі (диплом, аттестат), келген жерінде тұрғын үйінің жоқтығы туралы, жергілікті атқарушы органнан анықтама болуы шарт деп, келушілерге өзінің телефон нөмірлерін қалдырды.Келесі сөз тізгінін алған солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Жанар Ермекқызы:
— Біздің ауданымызда осы бағдарлама бойынша басқа аудандардан келген тұрғындар келіп, 3 млн теңгеге дейін несие алып, мал басын өсіріп, сүт өнімін тапсырып, кәсіптерін дөңгелетуде. Баспана жағын айтар болсақ 150 мың теңгеден бастап 3 млн теңгеге дейін бағдарлама бойынша үй алуға болады. Негізі, аудан бойынша 91 бос жұмыс орны бар. Атап айтсам, мұғалімдер, дәрігерлер, мал дәрігері, ауылшаруашылығы бойынша, әкімшілікке жас мамандар керек. Біздің басты мақсатымыз-Елбасының бастамаларын, бағдарламаларын жүзеге асырып, жас отбасыларды, халықты жұмыспен қамту, сондықтан келем деген азаматтар болатын болса, сіздерге әрдайым есігіміз ашық. Тек жоғарыдағы әріптесім айтқандай құжаттарыңыз түгел болса, жас мамандар үйленген болса, үйленбеген жағдайда ата-анасымен көшіп келуі тиіс,-деп сөзін аяқтады.
Жиын соңында ауыл, аудан тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Дидар ДИХАНБАЕВ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here