Талдықорған қаласының әкімі өндіріс орындарының жұмысымен танысты

0
49
Фото авторы А.Нұршанов

Қала әкімі Дастан Шалтабаев шаhарымыздағы бірқатар өндіріс орындарының жұмыс барысымен танысып, отандық тауарлардың сапалық деңгейін көрді.

Фото авторы А.Нұршанов

 Дастан Тұрарбекұлы ең әуелі 2014 жылдан бері жұмыс жасап жатқан «JLC Сүт» ЖШС табан тіреді. Зауыт директоры Ольга Богданова  кәсіпорынның тыныс-тіршілігі туралы толығымен баяндап берді. Италиялық құрылғылармен жабдықталған мұнда 50-ден астам өнім түрлері шығарылады. 500-ге жуық білікті маман тәулігіне 60 тонна өнім өндіреді. Ольга Богданова “Төрт  жылда жақсы нәтиже көрсете алдық деп ойлаймыз. Қазіргі таңда өнімдерімізге сұраныс жоғары”-дейді. Бүгінде тек аймағымыздың тұрғындарын ғана сүт өнімдерімен қамтып қоймай, сонымен қатар, Алматы, Шымкент сынды мегаполистерге де жөнелтеді.

Фото авторы А.Нұршанов

Қаламыздың өндіріс орындары осылай қарқынды жұмыс істесе, шаһардың көркейгені деп есептеуге болады. Бірнеше жылдың ішінде осындай үлкен кәсіпорынға айнала алғандарыңыз қуантады«, — деді қала әкімі.

 

 

Фото авторы А.Нұршанов

“Талдықорғандық аккумуляторды қолданатындардың бірі менмін”. Шаhар басшысы “Қайнар АКБ” зауытында осылай деді. Тарихы 1975 жылдан бастау алатын зауыттың жұмысы қарқынды дамуда. Халықаралық талаптарға сәйкес келер тауарлар Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ресей, Қытай, Африка сынды елдерге экспортталады. Осылайша жаhандық нарықта бәсекеге қабілетті зауыт Қазақстандағы ең үздік экспорттаушы компанияға берілетін “Ұлы дала елі” брендімен марапатталды.

Фото авторы А.Нұршанов

Қаламыздағы негізгі өндіріс орындарының бүгінгі ахуалымен танысқан Д.Шалтабаев “Кәсіпорындар жоспар бойынша, нәтижелі түрде жұмыс жасауда. Уақыт өте келе сапасын жақсартуда. Бұл баршамыз үшін үлкен жетістік. Талдықорғандық өнімдерді тек біз  ғана емес, өзге мемлекеттің халықтары да пайдалануда. Кездесу барысында басшылық тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Оның барлығы ескерілетін болады. Жергілікті атқарушы органдар көмек көрсетеміз, әрдайым бірге жұмыс жасаймыз”-деді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here