Ескерткіш қалпына келтірілді

0
151
Фото авторы А.Нұршанов

Қазақтың дүлдүл ақыны Сара Тастанбекқызының ескерткіші бүлінгені жайында хабарлаған болатынбыз. Талдықорған қалалық әкімдігінің ұйытқы болуымен мүсін қайта қалпына келтірілді.

 1993 жылы бой көтерген ескерткіштегі мыс пен мырыштың қосындысынан жасалған домбыра ұрланған болатын. Рухани қазынаға нұқсан келтіргендер әлі де іздестірілуде. Жергілікті билік өкілдері арнайы іздестіру операциясын жүргізіп, тиісті шаралар қолданылуда. Айта кетейік, бүгінгі таңда облысымызда мемлекет қорғауындағы 2343 тарихи және мәдени ескерткіш бар. Оның ішінде  халықаралық дәрежеде – 4, республикалық маңызы бар -10, жергілікті маңызы бар – 1519, алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген – 804, жаңадан орнатылған — 13.

Айтмұханбет Ерасылов, қалалық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары:  Халқымыз қашанда мәдени-тарихи мұраны  көзінің қарашығындай сақтауы, оны одан әрмен жандандыруы керек. Себебі, оның жас ұрпақ үшін маңызы зор. Біртуар тұлғалардың ел жадында қалуы үшін мемлекет көптеген шараларды іске асыруда. Алайда, кей кездері мұны бағаламай жатамыз. Күні кеше орын алған Сара апамыздың домбырасын қолды ету деген барып тұрған көргенсіздік. Естігенде қатты қынжылдық. Бұл біздің мәдениетімізге, тарихымызға жасалған қастандық деп есептеймін. Осындай жағдайларды болдырмаудың алдын алу қажет. Күзет жағын күшейтіп, бейнебақылау жүйесінің санын арттыру керек. Әрбір ескерткіш маңында тұрса да артықтық етпейді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here