Жақсылық Үшкемпіров туралы кино түсіріледі

0
56
Дереккөз

Аталмыш спорттық драма Қазақстанның Еңбек Ері, грек-рим күресінің палуаны, Әлем және Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы.

Туындының сценарий авторы әрі қоюшы режиссері – Бақыт Қайырбеков. Фильмнің режиссері “Бұл көркем фильм жанрында түсіргелі отырған менің алғашқы туындым. Картина 48 кг салмақтағы Олимпиада чемпионы болған алғашқы қазақ – Жақсылық Үшкемпіров туралы. Ол  түрлі мемлекет дәрежесіндегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінсе де, спортшыға  халықаралық ареналарға шығуға мүмкіндік бермеген. Тек 1980 жылы ғана ол Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама алып, әлемдік деңгейде өнерін көрсете алды. Фильм Оңтүстік Қазақстан ауылдарының бірінде дүниеге келген спортшының балалық шағынан бастап, бүкіл Кеңес одағы қошеметпен қарсы алған палуанның Олимпиада ойындарында жеткен жетістіктеріне дейінгі өмір жолын бейнелейді” -дейді. Айта кетейік, түсірілім жұмыстары Өскемен, Талдықорған, Алматы қалалары мен  Алматы облысында жүргізіледі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here