Спортты серік еткендер

0
43

Киелі — Күреңбел небір айтулы азаматтар өмірге келіп, елі үшін еңбек етіп, сарғайған тарих парақтарына есімдері алтын әріппен жазылып қалған тұлғаларға бай өлке.

Айбынды қазақ бабаларымыздың тұяғы бүгінгі күндері де елімізді әлемге танытып, келер ұрпаққа жарқын болашақ тұрғызу үшін аянбай еңбек етуде. Қазақ бабамыз қашаннан да қара күш иесі, түз даланың қаһарман ұландары болған. Ұлдары ғана емес, қыздары да күшімен әлемді тамсандырған, солардың бірі — киелі мекеніміздің тумасы, әйелдер күресінен спорт шебері, Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Еркебаева Гүлмарал Мененбайқызы.


Ару қызымыздың бойына бір ердің күші сыйып тұрғаны шынымен таңғаларлық. Жасының ертелігіне қарамай, бүгінде Гүлмарал Мененбайқызы Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы». Спорт саласының беделді спортшысы.
«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» — деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Сол ұстаз, жаттықтырушылармыздың бірі — Кербұлақ ауданы Жоламан ауылының мақтанышы, спорт түрлерінің қыр-сырына машықтандыратын спорт маманы, Қазақстан Республикасы игілігіне өз үлесін қосқан спорт шебері, қазақша күрес, самбо, дзюдо күрес түрлерінің жаттықтырушысы Балпухов Азамат Нұрмұханбетұлы. Мемлекетіміздің намысын әлем додаларында қорғайтын мықты спортшыларымыздың жанында рухы мен табандылығы жоғары, өз спортшысына сенімді жаттықтырушы, бапкерлердің тұратыны ақиқат.
Бүгінгі таңда халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі жарыстарда жетістіктерге қол жеткізіп, жүлдемен оралатын, Азия чемпионатының жеңімпазы Садуақас Бекарыстың және де болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшылардың жаттықтырушысы.


Ата-бабаларымыз жылқы малын киелі деп санаған. Киелі жылқы малының құлағында ойнап, баптап жүрген шабандоз азаматымыз — шет мемлекеттердің ат спорты бойынша түрлі кубоктары мен сыйлықтарының иегері, Кербұлақ ауданының Шұбар ауылының тумасы Мырзабаев Бауыржан Бақытжанұлы — мемлекетімізді ат спорты бойынша шетелге танытып жүрген азаматтарымыздың бірі.


Бауыржан қазіргі уақытта Германия мемлекетінде тұрып жатыр. Ат спорты бойынша мемлекетіміздің намысын қорғап, қазақ деген ел бар екенін шет мемлекеттерге танытып жүрген — Жокей чемпионы.
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Жоламан ауылында дүниеге келген. 8 жасынан бастап, дзюдо және қазақ күресімен айналысуды бастаған Бекарыс Садуақас. Спортшыға 2017 жылы дзюдодан «Қазақстан Республикасының спорт шебері» дәрежесі берілді. 2016 жылы 81 кг салмақ дәрежесінде Словения мемлекетінде өткен Еуропа кубогінде ІІ — орын, 2017 жылы 90 кг салмақ дәрежесінде Словения, Түркия, Ресей елдері қатысқан Еуропа кубогінде дзюдо күресінен жүлделі ІІ, ІІІ — орын, Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында І — орын иеленген. Спортшының қанжығасы 2018 жылы да олжалы болды. Ақтау қаласында өткен Қазақстан Республика-сының чемпионатында 90 кг салмақ дәрежесінде І-орын, Түркия мемлекеті Анталия қаласында өткен Еуропа кубогінде І- орын, Өзбекстан республикасы Ташкент қаласында өткен Азия кубогінде І — орын, Ливан қаласында өткен Азия чемпионатында І — орын, Қырғызстан рес-публикасы Ыстықкөлде өткен Азия кубогінде І — орынды иеленген.

Өз тілшіміз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here