Ұлттық тәрбие нығайса, радикализм әлсірейді – маман пікірі

0
117

«Терроризммен күресудің, оның алдын алудың ең тиімді жолы – ұлттық тәрбиені нығайту. Біз еліміздің барлық өңілеріндегі ахуалға, соның ішінде Алматы облысының да әр ауданына сараптама жасағанбыз. Сонда байқағанымыз – дәстүрлі қазақи ортасы берік өңірлерде терроизм белгілері мүлде бомайды. Ондай ортадан өсіп шыққан ұл-қыздар моральдық тұрғыда берік болады. Сондықтан, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында озық салт-дәстүрімізді насихаттап, ұрпақ тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуіміз керек». Бұл туралы бүгін Талдықорғанда өткен «Алматы облысы бойынша терроризмге қарсы тұрғындардың қауіпсіздігіне арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» конференциясында ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясының оқытушысы Болат Шоманов мәлімдеді.

Маман атап өткендей, лаңкестік ұйымдардың жетегінде өмірге өкеплі, өзіндік ұстанымы жоқ жастар жиі кетеді. «2000 жылдардың басында біз лаңкестікті дінмен тікелей байланыстырдық. Жанкештілер көбіне сақал жіберген, қысқа балақты киім мен хиджап кигендердің арасынан шығатын. Қазір олай емес. Өзін өлімге қиятындар өзгелерден ерекшеленбеуге тырысады. Сондықтан, жанкештілерді ажырату қиын. Бұндай кезде бізге жаңа технологиялар көмекке келеді. Қауіпті сымсыз байланыстарды тұншықтырғыштар /глушитель сигнала/, жарылғыш заттарды анықтағыш қондырғылар адам көп шоғырланатын темір жол бекеттері мен әуежайларда орнатылған. Бірақ, бастысы – кез келген азамат айналасына мұқият қарап, лаңкестік әрекеттерді, күдікті заттарды байқаса, дереу тиісті органдарға хабарласуы қажет. Біз осылай бірлесе күрескенде ғана қауіптің алдын аламыз, өмірді қорғаймыз» дейді Болат Шаймолдаұлы.

Конференция барысында еліміздегі Лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының жетекшісі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің философия және политология факультетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Кәкімжан Бишманов та арнайы баяндама жасап, орталықтың облыс аумағында атқарған жұмыстарын қорытындылады. Айтуынша, Алматы облысының барлық аудан-қалаларында болған мамандар 20 сұрақтан тұратын арнайы сауалнама жүргізген. Сауалнамаға 500-ге жуық адам қатысқан. Олардың дені мемлекттік қызметкер және бюджет саласының мамандары. «500 адамның 28 пайызы біздің әзірлеген сауалнамамызға қате жауап берді. Бұл ойланатын нәрсе. Көп қызметкер лаңкестік туралы хабарды бірінші боп естігенде не істеу керектігін білмейді. Осы орайда, ұсынысым бар. Аудан-қалалардағы тоқсанына бір жиналатын терроризмге қарсы комиссияның жұмысын жандандыру керек. Ол жиындарда комиссия белгілі бір мекеме басшыларының есебін тыңдаумен ғана шектеліп жатады. Орнына осындай сауалнамалар жүргізілсе, ақпарат берілсе, заңдар талданса, қызметкерлердің лаңкестікпен күресудегі тиімділігі артар еді деп ойлаймын. Ол үшін біздің орталық арнайы жадынамалармен жабдықтауға әзір» дейді профессор.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here