«Барымташылар» Алматы облысында

0
126

Қазақстан — Жапония  бірлескен жобасы негізінде  «Конокрады» («Барымташылар») кинофильмінің түсіру тобы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен кездесті.

Сценарий желісі бойынша оқиға  қазақы отбасында болады. 12 жасар баланың әке-шешесі жылқышы, оның қарындасы мен бауыры бар.  Сол жылқы үшін  адам өлтіруден тайынбайтын барымташылардың жауыздығынан зардап шегуші отбасы суреттеледі.  Жақындарынан айырылудың қандай қиын екендігі бала көзімен беріледі.

Кинорежиссер, сценарий авторы Ерлан Нұрмұхамбетовтың айтуынша,  алдағы жұмыс барысында туынды атауы өзгеруі де мүмкін. Алайда,  түсірілетін аймақ – Жетісу өлкесі. Тамыз-қыркүйек айында түсірудің  басталатындығы кездесу барысында айтылды.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов  туындыны  түсіру үшін қандай көмек қажет екендігін сұрады. Кино жобасы  Жапония елімен бірлесіп түсірілетіндіктен, инвестиция тартылады. Жоба жұмысының продюсері «Токиофильмі» кинофестивалінің негізін қалаушы — Седзо Ичияма, жобаның бас менеджері —  Қарлыға Сейсенова,  продюсері — Әсел Ержанова, режиссері — Ерлан Нұрмұхамбетов болып белгіленген.

Қарлыға Сейсенова, жобаның бас менеджері: Бұл фильмде  Алматы облысының көркем де бай табиғатын шетелге  көрсету мақсатын ойлап отырмыз. Осы арқылы туристік бағытты да  насихаттағымыз келеді.  Өңір әкімі  жоба авторларын жылы қабылдады. Бірлесіп жұмыс жасайтын боламыз деген ойдамыз.

 Кино желісі өте қызық, түрлі шытырманға толы. Жетісу өлкесінің тамаша жерлері де осы туындының ішінде көрсетіледі. Сценарий менеджерлерінің айтуынша,   Канн фестивалінде  «Үздік әйел рөлі» сыйлығын иеленген актриса  Самал Еслямова, белгілі жапон әртісі Мирай Морияма  аталмыш  туындыда негізгі рөлдерді сомдамақ ниетте.
Жетісу  жерінде  түсірілмек фильмде жергілікті жұртшылық көпшілік  қойылымға тартылады. 
Қазақстан – Жапония бірлескен жобасының түсіру тобы  туындының  аз уақытта  көрерменге жол тартатындығына сенім артады.

                                                                          

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here