Отандық тауарға бет бұрайық

0
54

Киім тігу және аяқ киім жасау кәсібі сонау тас ғасырынан бастап, қажеттілікке байланысты туындағаны тарихтардан-ақ белгілі. Сайып келе бабаларымыздың қолөнері күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келді. Бүгінде аса қажетті, алайда көзге ілінбейтін еңбек түрлері жетерлік. Өндіріс дамыған заманда қолдан жасалған бұйымдарға деген сұраныс та сұраусыз қалып отырған жоқ. Соның ішінде етікшілік байырғы заманнан қоғамдағы орны бар кәсіп түрі.

Ерінбеген етікші, тебеннен теңге табады. Десек те, соңғы уақытта аталған кәсіпке иелік ететіндер қатары сиреді. Бұл сұраныстың аздығынан ба? Әлде аталған кәсіптен гөрі көпшіліктің басқа салаларға бет бұруынан ба деген сауалдар туындайды.Осы орайда Кербұлақ ауданында 2005 жылдан бері кішігірім шеберханада аяқ киім өңдеп еңбек еткен, 2017 жылы «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болған жеке кәсіпкер Асхат Талғарбаев өз аяқ киім өңдеу және тігу цехын ашқан болатын.

Таяуда жеке кәсіпкердің цехіне барып, жүргізіліп жатқан жұмыстың барысын көріп қайттық. Асхат Талғарбаев туғанынан мүмкіндігі шектеулі азамат. Кербұлақ ауданында 30 жыл еңбек етіп, ұл тәрбиелеп өсірген әке. Ашқан цехінде мүмкіндігі шектеулі тағы бір азаматты жұмыспен қамтып отыр. Жуырда 4 жұмыс орнымен толықтыруды жоспарлауда. Етікші арнайы Ресей елінен былғарыларға тапсырыс беріп, табаны су өткізбейтін қалың, ішіне иіс шығармайтын сиырдың кепкен терісін салып, жоғары сападағы, сатып алушының сұранысына қарай кез келген үлгідегі аяқ киім түрін әзірлейді. Алайда, сапасының жоғарылығына, төмен бағасына қарамастан, сұраныс көлемі суық кезде артып, жұмыс қыс мезгілінде ғана жанданады екен. Аталған цехте қыс мезгілі кезінде айына 15-20 етік сатылады. Ұлы Дала елі отандық тауар өндірушілерге жағдай жасауда. Отандық тауарды, соның ішінде өңірлік тауарларды пайдалану тиімді әрі денсаулыққа да зиян әкелмейді. Сондықтанда отандық тауарларды пайдалануға шақырамыз.

Сайлау Зере Маратқызы, Кербулақ аудан әкімінің баспасөз хатшысы

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here