Алакөлге 300 мыңға жуық саяхатшы келген

0
108
фото А.Нұршанов

Туристік маусым басталғалы Алматы облысындағы  Алакөл демалыс аймағына келген саяхатшылар саны  300 мыңға жуықтаған. Жыл соңына дейін демалуға келушілер 1 миллион адамға жетеді деп күтілуде. Бұл туралы Талдықорғанда өткен Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында айтылды.

дерекөз

БАҚ өкілдері алдында сөз алған Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаева: «Жетісу жері тамылжыған табиғатымен  өзен-көлдерімен әйгілі. Қазір мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен  елімізде туризм саласын дамытуға баса мән беріліп келеді. Осыған байланысты, аймағымызда Балқаш пен суы шипалы Алакөл демалыс орнын дамытуға баса мән берілуде. Қазіргі кезде Балқаш көліне демалуға келушілерге бар мүмкіндіктер қарастырылып, қолайлы жағдай жасаудың оңтайлы  жолдары қарастырылуда. Ал, Алакөлге қатынайтын арнайы әуе рейісі ашылып, жаңа әуежай іске қосылған. Сондай-ақ, жағажайда сәнді де сәулетті қонақ үйлер бой көтеріп, ондағы жұрт алыс-жақынан келген меймандарды қабылдауға дайын. Атап айтсақ, бүгінгі таңда Алакөл ауданында туристерге арналған 195 орын бар. Оларға осыған дейін 300 мыңға тарта демалушы келсе, оның тең жарымынан астамы Астана мен Алматы қаласынан қатынайтын әуе көлігімен жеткен. Оның үстіне биыл тағы 10 демалыс аймағы іске қосылып, жалпы инвестиция көлемі 1 млрд. теңгені құрады. Сонымен бірге Талдықорған-Үшарал, Үшарал-Достық бағытындағы тас жолдарды жөндеу жұмыстары басталып кетті. Қазір ондағы жұмыс қарқынды» — деп, атап көрсетті.

Осыдан соң Жанар ханым тілшілердің қойған сауалына жауап беріп, алдағы уақытта мұндай игі жұмыстар жалғаса беретінін жеткізді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here