Жеңіске бір қадам

0
53

«Жастар» спорт кешенінде есту қабілеті төмен спортшылар арасында өткен Алматы облысының ІІ жазғы Спартакиадасы өз мәресіне жетті. Тартысты бәсекеде 22 медаль сарапқа салынып, үздіктер анықталды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Айтулы сайысты мүмкіндігі шектеулі жандар асыға күтеді. Оны жарысқа қатысушылар санының жылдан жылға артып келе жатқандығынан аңғардық. Мәселен, биылғы додаға өңірлерден 200-ден аса спортшы келген. Олар спорттың 10 түрі бойынша шеберлік сынасты. Атап айсақ шағын футбол, үстел тенисі, жеңіл атлетика, зияткерлік ойын және күрестің бірнеше түрі жарыс бағдарламасына кірген.

Жалпы, екі күнге созылған жарыс жоғары деңгейде өтті. Спортшылар сайыс алаңында барын салып, үздік нәтиже көрсетуге тырысты. Нәтижесінде, қарсыластарынан оза шапқан қатысушылар жеңіс тұғырынан қол бұлғады.

Айта кетейік, облыстық жарыста жеңімпаз атанғандар енді тамыз айында Ақтөбе қаласында өтетін ел біріншілігінде Жетісу жерінің намысын қорғайтын болады. Спортшыларымызға сәттілік серік болғай.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here